Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Автожол саласын толығымен цифрландыру жұмыстары басталды — Арман Алибаева

10-07-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Арман Алибаева еліміздегі автожол саласын дамыту үшін нормативтік базаны жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Институт басшысы «ҚазжолҒЗИ» АҚ 65 жылдық тарихы бар мамандандырылған жалғыз ведомстволық ғылыми-зерттеу институты екенін баса айтты. Институт қызметі бағыттарының бірі – халықаралық нормативтерді зерттеу және талдау негізінде нормативтік-техникалық базаны жетілдіру.

«Бүгінгі таңда отандық салалық нормативтік-техникалық 1200 құжатқа талдау жасалды. Жұмыс нәтижелері бойынша автожол саласының нормативтік базасы халықаралық үздік тәжірибелер қолдануды ескере отырып, 200 бірлікке дейін оңтайландырылатын болады», — деп мәлімдеді Арман Алибаева. 

Оның айтуынша, әлемдік стандарттарға сәйкес келу – нормативтік базаны жетілдірудің негізгі нәтижесі.

Қазіргі уақытта ASTM, AASHTO стандарттарын SuperPave қағидаттарын енгізу бойынша Қазақстан жағдайларына бейімдей отырып, жетілдірілген нормативтік базаны әзірлеу бойынша жұмыстар орындалуда.

Superpave жүйесі жергілікті климаттық жағдайға бейімделе отырып, үлкен температуралық ауытқуларға төзімділікті қамтамасыз етуге бағытталған, осылайша ол жол қауіпсіздігін арттыра отырып, автожолдың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Институт басшысының айтуынша, 2025 жылдың қаңтарынан бастап жаңа стандарттар бойынша пилоттық жобаларды тестілеу басталады, қазірдің өзінде АҚШ, Канада, Қытай, Ресей, Аустралия, сондай-ақ Еуропа, Азия және Оңтүстік Америка елдерін қоса алғанда әлемнің 130-дан астам елі оған сәйкес жұмыс істейді.

«Автожол саласын толығымен цифрландыру жұмыстары басталды. Қолданылатын жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың ашықтығын және тиімділігін бағалау мақсатында Бірыңғай цифрлық деректер базасы құрылды», — деді спикер. 

Арман Алибеава база жол-құрылыс материалдары туралы барлық ақпаратты, сондай-ақ әрбір өңірдің топырақ және климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, текерілген технологиялары бар жол төсемелерінің типтік құрылымдарын қамтитынын айтты. Базаның артықшылығы – ашықтық, жол құрылысының барлық құралдарын цифрлық бір платформаға біріктіру, өндірушілердің қалауын, жол-құрылыс материалдарының сапасы туралы бұрмалаушылықтың алдын алу. Жол құрылысының кез-келген қатысушысы жобалау немесе құрылыс кезеңінде пайдалану үшін қажетті ақпаратты таба алады.

Аталған жол базасына қазірдің өзінде 642 карьер, 382 асфальт зауыты және 98 жаңа технология енгізілді.

Талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды, технологияларды және асфальтбетон зауыттарын республикалық жобаларда қолдануға жол берілмейді. Мұның бәрі орын алуы мүмкін сапасыз жұмыстардың алдын алады.

Жаңа технологиялар мен заманауи материалдардың пайда болуы жол-құрылыс саласына жаңа міндеттер жүктейді. 

Арман Алибаева жаңа материалдар мен технологиялардың тиімділігі Бірыңғай базада тиісті сұр, сары, жасыл мәртебелерін бере отырып, тәжірибе алаңдарында және зертханалық зерттеулерде апробациялау арқылы қамтамасыз етілетінін айтты. Жасыл мәртебенің болуы зертханада және тәжірибе алаңында тиімділікті растағанын көрсетеді. Сары мәртебе апробациялау сатысында беріледі. Мәртебе беру туралы шешім сала өкілдерінің және «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен алқалы түрде қабылданады.

Қазір базада 98 материал мен технология бар, оларды қолданып еліміздің түрлі өңірлерінде 56 тәжірибе алаңы салынды. Нәтижесінде 36 технологияға жасыл, 20 технологияға сары, 42 технологияға сұр мәртебесі берілді.

«Әлемдік тәжірибеге сәйкес, асфальтбетон жабындыларының беріктігін жақсарту үшін битум материалдары 3 жол-климаттық аймақтың орнына 8 климаттық аймақ бойынша PG аудандастыру картасында таңдалатын болады», — деді А. Алибаева. 

Оның мәлімдеуінше, жаңа технологияларды енгізу жол құрылымдарының сенімділігін  және жөндеуаралық мерзімдерді арттырады, жолдардың бүкіл цикліндегі шығындарды оңтайландырады.

«Жол саласындағы алға ілгерілеу – ғылымның дамуына байланысты. Біздің ғалымдармыздың ғылыми-зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми журналдарда жарияланады. Соңғы 5 жылда Scopus және Web of Science журналдарында 56 ғылыми мақала жарияланды, 100% қазақстандық құрамдағы жаңа меншікті әзірлемелерге 14 патент пен авторлық куәліктер алынды, 5 әзірлеме жаңа жобаларда қолданылып келеді. Бұл әзірлемелер сапасы шетелдік аналогтардан кем түспейді, ал өзіндік құны жағынан айтарлықтай арзан», — деп атап өтті ол.

Институт жол-құрылыс материалдарын дәтүрлі зерттеу тәсілімен қатар техногендік қалдықтарды пайдалану, битум, цемент, топырақ қасиеттерін жақсарту бойынша ғылыми жұмыстар жүргізіп келеді. Аталған бағыттар сала үшін ең өзекті әрі жолдардың сапасы мен беріктігін жақсартуға мүмкіндік береді. Мәселен, биыл ERG, Qarmet, KazPhosphate компанияларымен жол-құрылыс материалдары ретінде техногендік шикізатты қолдану бойынша бірлескен жұмыстар басталды.

Аталған жұмыс саланы отандық әзірлемелермен қамтамасыз етеді, құрылыс құнын 1,5-2 есеге арзандатады
және экологиялық жағдайға оң әсер етеді.

Ең маңызды мәселелердің бірі – саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету. Автожол саласында кадр тапшылығы нәтижесінде, инженерлік, желілік құрамдар мен ғылыми-техникалық қызметкерлер жетіспеушілігі туындап отыр. 

«Соңғы 5 жылда жоғары оқу орындарында “Көлік құрылысы” бағыты бойынша мамандар даярланбады, 15 жылдан астам уақыт аталған бағыт бойынша докторантураға гранттар бөлінбей келеді. Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп атқарылған жұмыстар нәтижесінде биыл “Көлік құрылысы” бағыты жеке ашылды, жыл сайын 1000-ға дейін грант, оның ішінде докторантураға 10 грант бөлу жоспарланып отыр. Институт жыл сайын 250-ден астам автожол саласының мамандарын өз күшімен оқытады және біліктілігін арттырады», — деп атап өтті А. Алибаева. 

Сонымен қатар автожол саласы мамандарының біліктілігін 5 жылда кемінде 1 рет міндетті түрде арттыруды енгізу нормасы қолдау тапты, бүгінде Парламент Мәжілісінің қарауында. 

Сондай-ақ JOLSHY салалық біліктілік базасы құрылды, онда жол саласына тартылған барлық мамандардың, инженерлер мен студенттердің тізімі қолжетімді болады, әрбір маманға рейтинг тағайындалады.

Аталған шаралар саланы білікті мамандармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив