86 оқушы ХІІІ халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды
Математика және механика бойынша ХІІІ Халықаралық ғылыми жобалар конкурсына еліміздің әр өңірінен және Тәжікстан, Қырғызстан Республикасынан 150 оқушы қатысып, 112 ғылыми жоба ұсынды. 3 күнге созылған білім сайысында 86 жүлдегер анықталды.
Конкурс қатысушылары «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика», «Экономикадағы математикалық әдістер» бағыттары бойынша ғылыми жобаларын қорғады. Қорытынды кезең жеңімпаздары алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды.
Айта кету керек, халықаралық конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының YouTube арнасында тікелей көрсетілді. Шара Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің базасында өтті.