Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Сайлау 2023: Ақпараттық хабарлама

10-02-2023, 16:14 018.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының

сайлау науқанын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Abay Media Group» ЖШС, 018.kz желілік басылымының иесі бола отырып (бұдан әрі - сайт) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық Заңына және Президенттің «Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 19.01.2023 жылғы № 104 Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған сайлауға байланысты партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың (бұдан әрі – Кандидат) сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін 018.kz желілік басылымы мен оған қарасты әлеуметтік желідегі парақшаларға төленетін ақы мөлшері, аудиовизуалды қызмет пен анимациялық ролик және өзге де қызметтер туралы хабарлайды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдары 2023 жылғы 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ден кейін басталады (тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап) және 2023 жылғы 18 наурызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша үгіт материалдарын газетке орналастыру да 2023 жылғы 18 ақпандағы сағат 18:00-ден 2023 жылғы 18 нау­рыздағы сағат 00:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Желілік басылымға ұсынудың жалпы шарттары мен тәртібі

Үгіт материалдарын орналастыру үшін желілік басылымға материал беру Серіктестік пен Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың уәкілетті (сенім білдірілген) адамы арасында жасалған үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы жазбаша шарттың (бұдан әрі – Шарт) негізінде жүзеге асырылады. Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың уәкілетті (сенім білдірілген) адамының Серіктестікпен шартқа қол қоюы уәкілетті (сенім білдірілген) адамның Серіктестіктен сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді қабылдауға берген келісімі болып саналады.

Баспасөз алаңын ұсыну үшін Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың уәкілетті (сенім білдірілген) адамы Серіктестікке мынадай ақпаратты көрсете отырып, Серіктестік басшысының атына жазылған өтініш береді:

1) үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы жазбаша өтініш берілген күн мен уақыт. Өтініш кезектілік тәртібімен Кандидаттардың жазбаша өтініштерін тіркеу журналында әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру мен оның келіп түскен күнін көрсету арқылы тіркеледі;

2) жазбаша өтініш беретін Кандидаттың уәкілетті (сенім білдірілген) адамының Т.А.Ә.;

3) жазбаша өтініш беретін адамның өкілеттігін растайтын құжат (сенімхат, жеке куәлік/паспорт, уәкілетті (сенім білдірілген) адамның тіркеу куәлігі);

4) Орталық сайлау комиссиясының кандидатты тіркеу туралы шешімінің көшірмесі;

5) үгіт материалдары орналастырылатын алаңның жоспарланған көлемін, орналастыру санын, көлемін, орналастырудың болжамды күндерін көрсете отырып, орналастыру кестесін (медиа-жоспар), мерзімді баспасөз басылымының (газеттің) атауын көрсету. Осы ұсыныстардың негізінде Серіктестік техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, шартқа қосымша болып саналатын баспа алаңдарын ұсыну кестесін (медиа-жоспар) әзірлейді;

6) үгіт материалының мәтінін қағаз түрінде (әрбір ұсынылған парақта уәкілетті (сенім білдірілген) адамның қолы болуға тиіс) және электрондық жеткізгіште таратып жазу;

7) жазбаша өтініш берген уәкілетті (сенім білдірілген) адамның қолы қойылады.

Үгіт материалдары Серіктестікке модульдер және / немесе мақалалар түрінде беріледі

Үгіт материалдары Серіктестікке пошта арқылы электрондық мекенжайға ұсынылады: abaiaqparatkz@gmail.com немесе электрондық жеткізгішпен қолма-қол тапсырылады: Абай облысы, Семей қ., Абай көшесі, 96, 3 каб, мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, TIFF форматы – макеттер үшін; WORD – мақалалар үшін; JPEG – фотосуреттер үшін.

Жарияланымдарда олардың төлемі, қаржыландыру көздері, ақпаратты ұсынған адамның тегі туралы ақпарат болуға тиіс.

Серіктестік Кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда немесе ҚР заңнамасына қайшы келсе, үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарының және мәслихат депутаттарының сайлауы кезінде сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін баспа алаңын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер:

Қызмет

Өлшем бірлігі

Баға/тг

1.

Мәтіндік материалдар

1 мақала (3000 таңбаға дейін)

25 000

2.

Мәтіндік материалдар

1 мақала (3000 таңбадан жоғары)

35 000

3.

Сайтта ақпараттық баннерді орналастыру

1 тәулік

5 000

Тапсырыс шеңберінде дайындалған барлық материалдар 018.KZ-ABAIAQPARAT желілік басылымының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының

сайлау науқанын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша

БАҒА ҰСЫНЫСЫ

сондай-ақ, аудиовизуалды өнімдерді және өзге де цифрлық қызметтерді дайындау бойынша қызметтерді ұсынамыз

Қызмет

Өлшем бірлігі

Баға/тг

1

Репортаждық сипаттағы аудиовизуалды материалдарды (4К форматында) жасау

1 сек

3 000

2

Мобилография форматында аудиовизуалды материалдар жасау

1 сек

2 000

3

Сценарий жаза отырып және актерлерді тарта отырып, аудиовизуалды материалдарды (4К форматында) жасау

1 сек

10 000

4

Дайын сценариймен бейне форматта (2D графика) анимациялық аудиовизуалды материалдар жасау

1 сек

5 000

5

Бейне форматында сценарий жазумен анимациялық аудиовизуалды материалдар жасау (2D графика)

1 сек

7 000

6

Ақпараттық графиканы дайындау 2D (инфографика, интернет баннерлер)

1 дана

10 000

7

Жаңалықтар сипатындағы мәтіндік хабарламалар жасау

1 жазба

7 000

8

Дрон түсіру

1 сек

5 000

9

Facebook, Instagram, Youtube әлеуметтік желілерінде тікелей эфир өткізуді қамтамасыз ету (кәсіби ПТС жабдықтары, 8 камералық түсірілім)

1 мин

5 000

10

Деректі аудиовизуалды материалдарды дайындау (4К форматында)

1 мин

20 000

11

Фотоматериалдар ретушімен кәсіби фотосессия / фоторепортаж (кемінде 30 фото)

1 фоторепортаж

70000

12

Мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды материалдарды мақсатты тарату

1 қаралым

3

13

Аудиоролик құру, ер / әйел адам дауысы

1 сек

5 000

14

Жазылушылар саны 1 млн. астам Instagram әлеуметтік желісінде республикалық жұртшылыққа материалдарды орналастыру.

1 жазба

100000

* сома Семей қаласының аумағында ұсынылатын қызметтер үшін көрсетілген. Қажет болған жағдайда алыс аудандарға шығу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда қосымша іссапар шығындары алдын-ала келісіледі.

** Кедергісіз жұмыс істеу үшін ЖШС қызметкерлерінің контент жасауда тәжірибесі бар, барлық қажетті техника қарастырылған: Sony A7III - 2 дана заманауи камералар, Sony A7SIII – 1 дана, квадракоптерлер - 2 дана (DJI Avata және DJI Mavic 2), тұрақтандырғыштар – 2 дана (DJI RS3), Rode GO II петлицалық микрофондары – 4 дана, Sennheiser EW100 – 2 дана, монтаждау үстелі - 2 дана, тікелей эфирлерді өткізуге арналған кәсіби ПТС жабдығы (8 камераға - Sony Z190) және т.б., портативті телесуфлер, дыбыс жазу студиясы, жедел шығуға және 24/7 түсірілімді қамтамасыз етуге арналған автокөлік құралдары (Toyoto Сorolla, Lada Xray).

*** аудиовизуалды материалдарды дайындау жедел тәртіппен қамтамасыз етілетін болады.

Әлеуметтік желілердегі материалдардың төлем мөлшері туралы мәліметтер:

Атауы

Оқырман саны

Өлшем бірлігі

Баға/тг

INSTAGRAM

1.

@semeystan

90.9 мың

1 жазба

15 000

2.

@typicalsemey

94 мың

1 жазба

15 000

3.

@semey_life

84.9 мың

1 жазба

15 000

4.

@semey24

69 мың

1 жазба

15 000

5.

@abaiaqparatkz

35.9 мың

1 жазба

10 000

6.

@semey_public

21.4 мың

1 жазба

10 000

7.

@semey42

18.8 мың

1 жазба

10 000

8.

@karagaily_tv

6.7 мың

 1 жазба 

10 000

TELEGRAM

9.

t.me/abaiaqparatkz

2751

1 жазба

15 000

10.

t.me/semei24

2453

1 жазба

15 000

FACEBOOK

11.

018 - ABAI AQPARAT

6555

1 жазба

20 000

ВКОНТАКТЕ

12.

018.KZ – ABAI ABAQPARAT

139.1 мың

1 жазба

15 000

13.

SEMEYNEWS.KZ

64.9 мың

1 жазба

15 000

YOU TUBE

14.

018 - ABAI AQPARAT

15 мың

1 видео

20 000

Үгіт материалдарын орналастыру шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Серіктестік берген төлем шоты негізінде алдын ала төлем бойынша жүзеге асырылады. Төлем Шартта және төлем шотында көрсетілген Серіктестіктің банктік деректемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив