Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ

6-02-2023, 10:30 018.kz

Интернет ғасырында - дәстүрлі БАҚ емес, әлеуметтік медиа бүгінде негізгі ақпарат көздеріне айналғаны анық.

Өңірлердің және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен өткен кеңейтілген отырыстың бірінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті атқарушы органдарға халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшуді тапсырды. Президент қарапайым адамдардың әлеуметтік әл-ауқатын білу және оған уақтылы жауап беру өте маңызды екенін атап өтті.

«Әкімдер халықтың сұраныстарына жедел ден қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу маңызды: мессенджерлерде топтар құру, жүргізіліп жатқан саясатты қол жетімді түсіндіру, жағдайды модерациялау және басқару», - деп Президент әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге баса назар аударды.

Бұл әрбір шенеунік әлеуметтік желілерде белсенді болуы керек дегенді білдіреді. Президенттің тапсырмасын назарға ала отырып, Абай облысындағы қала мен аудан әкімдерінің әлеуметтік желілердегі белсенділігінің рейтингі шығарылды. Аталмыш рейтингті «Abay Media Group» ЖШС қарасты «018.kz» редакциясының ақпараттық-аналитика бөлімінің мамандары дайындады. Рейтинг аудан әкімі мен әкімдіктердің әлеуметтік желідегі белсенділіктері бойынша арнайы әзірленген критерийлер формуласы бойынша есептелді.

ҚАЛАЛАР МЕН АУДАНДАР ӘКІМДЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІГІ БОЙЫНША РЕЙТИНГІ (ҚАҢТАР АЙЫ БОЙЫНША) 

Әкімдер арасында көшбасшылар мен аутсайдерлер анықталды.

Бірінші үштік рейтинг көшбасшылары:

1) Нұрбол Төлегенұлы Нұрсағатов

2) Нұржан Тлеужанұлы Тоқсеитов

3) Жарқынбек Борашұлы Байсабыров

 Орташа рейтинг:

4) Талғат Батырұлы Мұратов

5) Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаев

6) Сейілбек Абиұрұлы Ысқақов

7) Ахметқали Ахашұлы Нұрғожин

Аутсайдерлер:

8) Нұржан Оразбекұлы Әбдікәрімов

9) Асхат Сайдахметұлы Смаилов

10) Олег Васильевич Чугунков

1. Нұрбол Нұрсағатов – Семей қаласының әкімі.

Әлеуметтік желілердегі белсенділік бойынша Семей қаласының әкімі Нұрбол Төлегенұлы Нұрсағатов 2113,0 баллмен 2023 жылдың алғашқы рейтингінде көш бастады. Ол жаңа жылды қалың қар, көк мұз, нөпір сумен қарсы алды. Облыс орталығындағы мәселені шешуге ауа-райының тосын-мінезі кедергі келтірді. Әйтсе де оған қарамастан, қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, арнайы техникалар көмегімен қар тазалау мен құм, тұз себу жұмыстарын белсенді түрде жүргізді. Жылу қазандықтарын үнемі қадағалап отыру себебінен, одан туындаған апатты жағдайларды уақтылы шешімін таба білді. Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізіп, олардың ойын тыңдады. «Абай Жастары» тұрғын үй бағдарламасы негізінде жиыны 514 өтінішті қабылдады. Нәтижесінде арнайы критерийлер бойынша ең көп балл жинаған 40 қатысушы келесі кезеңге өтіп, баспаналы болуға бір қадам жақындады. Қалада заңсыз жарнамалармен күрес басталды. Қазіргі таңда белсенді түрде жүргізілуде. Тек бір тілде, яғни орыс тілінде жазылған жарнамалар алынып тастауда. Ол заңға сәйкес ең алдымен мемлекет тілде жазылуы тиіс және де мемлекеттік тілде жазылған ақпарат сол жақта немесе жоғарыда орналасуы қажет. Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов аймақтық «SEMEI» телеарнасының «Әкім сағаты» бағдарламасында болып, 1 сағаттан артық уақытта қала тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Алғашқы айдың соңғы аптасын су басу қаупі бар аймақтарды аралап, жауапты сала басшыларына оны болдырмау шараларын күшейтуді тапсырды. Нұрбол Төлегенұлы әкімдіктің ресми парақшасына қараймын деп өзінің ресми парақшасын жүргізуді саябырсытып алған сынды. Оны SMM мамандары ескереді деп сенеміз.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Семей қаласының әкіміне ұсыныс: Facebook және Instagram парақшасын белсенді жүргізу мен әкімдік парақшасының сапасын арттыру мақсатында SMM бөлімінің қатарына кәсіби дизайнер мамандарын тарту ұсынылады.

2. Нұржан Тоқсеитов – Үржар ауданының әкімі.

Үржар ауданының әкімі Тоқсеитов Нұржан Тлеужанұлы 1283,7 баллмен ағымдағы жылдың алғашқы айының рейтингінде үздік үштіктің қатарына кірді. Ол жаңа жылды аудан аумағында қардың толассыз жауып тұруына байланысты төтенше жағдайлар бойынша жедел штаб отырысын өткізуден бастады. Келесі күнішекаралық елді-мекен Бақты ауылына барып, «Бақты» кеден бекетінің аумағын қалың қардан тазарту жұмыстарын бақылады.Көрші мемлекеттен қатынайтын ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында Ақжар ауылының көшелерін жарықтандыру, саябақ құрылысы, Шолпан ауылының жер мәселесі, мәдениет үйінің құрылысы, Жаңа тілек ауылының иттер мен жол мәселесі, Науалы ауылының мәдениет үйін жөндеуден өткізу, Науалыдан Елтай ауылына дейінгі жолды жөндеу мәселелерін назарға алып, оларды жыл соңына дейін шешуге уәде етті. Сондай-ақ, бірқатар кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, аудан орталығынан әлеуметтік дүкен ашу барысын пысықтады. Нұржан Тлеужанұлы мониторинг бөлімінің өткен айларда айтқан кейбір ұсыныстарын орындап, желіде халықпен кері байланыс орнатуды қолға ала бастады. Осы белсенділігінің арқасында аутсайдерлер қатарынан шығып, үздіктер қатарынан көріне білді. Алайда бұл уақытша болуы мүмкін. Себебі аудан басшысы Facebook желісіндегіжазбаларын тек достарына ғана көрсетуді әдетке айналдырды. Бұл ұсынысымыз әлі ескерілмей келеді.

 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Үржар ауданы әкіміне ұсыныс: желіде жарияланатын жазбалардың сапасын арттыру мақсатында SMM мамандардың техникалық құрылғыларын жаңартуы мен оларды арнайы медиа және мобилография курстарынан өткізу ұсынылады.

3. Байсабыров Жарқынбек Борашұлы – Жарма ауданының әкімі.

Жарма ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы 1280,8 баллмен ағымдағы жылдың алғашқы айының рейтингінде үздік үштікті түйіндеп тұр. Жаңа жыл Абай облысының әрбір аймағын әбігерге салды. Солардың бірі – Жарма ауданы. Аудан арқылы республикалық «Алматы – Өскемен», «Қалбатау – Майқапшағай», «Қалбатау – Семей» жолдары өтеді. Қатты боран салдарынан көлік қозғалысына шектеу қойылған болатын. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жолда қалған жолаушыларды қауіпсіз орындарға орналастыру және оларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды. Ұйымдастыру жұмыстарына қатысты жарияланған жазбалардың астынан аудан басшылығы мен еріктілерге деген көптеген алғыстарды байқауға болады. Сонымен қатар қар тазалау жұмыстары белсенді жүргізілді. Сауда-саттық орындарында бағаның негізсіз өсуіне байланысты мониторинг топтардың жұмысы күшейтілді. Аудан әкімдігінің парақшасында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жатқан қарапайым еңбек адамдары туралы ақпараттар беріле бастады.Жарқынбек Байсабыров Шуақ ауылында жұмыс сапарымен болып, 200-ден астам оқушысы бар мектеп ғимаратының терезелері мен жылу жүйесін ауыстыру бойынша білім бөлімі басшысына нақты міндеттемелер жүктеді.90 жылға жуық тарихы барГеоргиевка сорғы жабдықтары зауытында еңбек күшін арттыру мәселесін назарға алып, жұмыспен қамту орталығына тиіс тапсырмалар берді.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Жарма ауданы әкіміне ұсыныс: желіде жарияланатын жазбалардың сапасын арттыру мақсатында SMM мамандарды арнайы медиа және мобилография курстарынан өткізу ұсынылады.

4. Мұратов Талғат Батырұлы – Бесқарағай ауданының әкімі. Бесқарағай ауданының әкімі Мұратов Талғат Батырұлы 1052,1 баллмен рейтингте төртінші орынға жайғасты. Аудан басшысы жылдың басын өзінің орынбасарын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындаумен бастады. Артынша аудандық орталық ауруханаға барып, қазандықтың жұмысын бақылады.Глуховка ауылдық округіне қарасты Белокаменка ауылындағыбілім ошағының ескіргендігін назарға ала отырып, 50 орындық жаңа мектеп және мектеп жанынынан қосымша 10 балаға арналған шағын орталық салу туралы шешім қабылдады. Қазақы жылқы тұлқымын молайту мақсатында Бесқарағай зауыттық типіне патент алынды. Аудан орталығындағыӘуезов, Қалтаев, Дастенов көшелерінің көше шамдары жаңартылды.Су басу қаупі бар аумақтарға барып, тиісті мекеме басшыларына алдын-алу шаралары бойынша тапсырма берді. Ауданның тарихи ескерткіші ретінде саналатын «Ақкөл» мешітіне электр жарығы тартылды. Сондай-ақ,Кривинка ауылындағы қордаланған су құбыры желілерінің мәселесі шешімін табатын болды. Аудан әкімдігінің ресми парақшасы жылқыдан бөлек білім бөлімінің жаңалықтарын патенттеп алған сияқты. Егер парақша өзінің негізгі функциясын атқармаса онда аудан әкімі аутсайдерлердің қатарынан  көрінуі де ғажап емес.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Бесқарағай ауданы әкіміне ұсыныс: әкімдіктің ресми парақшасын жүргізу бойынша SMM мамандарды арнайы оқыту курстарынан өткізу ұсынылады.

5. Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы – Көкпекті ауданының әкімі.

Көкпекті ауданының әкімі Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы 988,3 баллмен рейтингтің ортасына тұрақтады. Бұл ауданда жылдың басын қалың қарды күреумен бастады. Қар күреу жұмыстары қаңтар айында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қысқы маусымға дайындық кезеңінде жасақталған техникалық көліктер бұл қиындықты оңай еңсере білді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан аудан әкімі ауылдарды аралауға кірісті. Үлгілі Малшы ауылдық округіндегісу құбыры жүргізілген жерлер толықтай тегістелетін болды. Үлкен Бөкен ауылындағы медицина мен мектеп асханасындағы қордаланған мәселе назарға алынды. Аудан орталығының кіреберіс аркасы мен жол бойындағы көше шамдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әкімдік парақшасында 2022 жылдың әлеуметтік-даму көрсеткіштерінің нәтижелері бойынша инфографикалар жарияланды.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Көкпекті ауданы әкіміне ұсыныс: желіде жарияланатын жазбалардың сапасын арттыру мақсатында SMM мамандарды арнайы медиа және мобилография курстарынан өткізу ұсынылады.

6. Ысқақов Сеилбек Абұирұлы – Аягөз ауданының әкімі.

Аягөз ауданының әкімі Ысқақов Сеилбек Абұирұлы 880,7 баллмен рейтингте алтыншы орынға жайғасты. Аягөз ауданында жаңа жыл қар тазалау жұмыстарымен басталып, ол белсенді түрді жалғасын тапты. Аягөз қаласындағы қоғамдық көлік мәселесі күн тәртібінде қаралып, халықтың жүріп-тұруы үшін қосымша маршруттар қарастырылды.«Орталық» жылу беру қазандығында орын алған апатты жағдай уақтылы шешімін тапты. Тарбағатай ауылындағы ұзақ жылдар бойы қордаланған интернет мәселесі әкімнің жеке бақылауына алынды. Желіде аудан тұрғындарымен кері байланыстың болуы байқалады. Әйтсе де, ол тұсты әлі де жетілдіру қажет. Ал аудан әкімінің ресми парақшасына SMM мамандар көңіл бөле бермейтін сияқты. Соған қарағанда аудан әкімінің парақшаны өзі жүргізетіні байқалады. 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Аягөз ауданы әкіміне ұсыныс: желіде жарияланатын жазбалардың сапасын арттыру мақсатында SMM мамандарды арнайы медиа және мобилография курстарынан өткізу ұсынылады.

7. Нұрғожин Ахметқали Ахашұлы – Бородулиха ауданының әкімі. Бородулиха ауданының әкімі Нұрғожин Ахметқали Ахашұлы 863,9 баллмен жетінші орында тұр. Бородулиха да боранмен бетпе-бет келді.Сол сәтте Петропавловка ауылында орталық су құбыры жарылып, ауылға ауыз жеткіліксіз деңгейде берілген болатын. Бүгінгі таңда су құбырының жарылған жері анықталып, жөндеу жұмыстары қысқа мерзімде аяқталды.Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамсыз ету үшін «Родина» шаруа қожалығының 4 техникасы жұмылдырылып, әрбір үйге ауыз су жеткізіліп берілді. Тұрғындар ауыз сусыз қалған жоқ. Дмитриевка ауылдық округінің халқымен кездесу барысында айтылған бірқатар мәселелер биыл шешімін табатын болды. Оның ішінде көше жолдарын жөндеу, жарықтандыруға аудандық бюджеттен қаражат бөлінді. Әкімнің парақшасының белсенділігі төмен. Facebook-тегі парақшасын SMM мамандары қолға алмаса, алдағы айларда қараусыз қалуы мүмкін.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Бородулиха ауданы әкіміне ұсыныс: желіде жарияланатын жазбалардың сапасын арттыру мақсатында SMM мамандарды арнайы медиа және мобилография курстарынан өткізу ұсынылады.

8. Әбдікәрімов Нұржан Оразбекұлы – Абай ауданының әкімі. Абай ауданының әкімі Әбдікәрімов Нұржан Оразбекұлы 819,1 баллмен сегізінші орында. Абайлық әкім жаңа жылды жылу қазандықтарын қадағалаумен бастады. Аудан басшысы тұрғындармен үнемі қабылдау өткізеді. Алайда нақты қандай мәселе көтерілді, оның шешімі туралы ақпарат жоқ. Желі қолданушылары оны білгісі келеді. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау туралы жазбаның мәтіндері де суреттері де ұқсас. Соған қарағанда SMM мамандар жалыққан сынды. Абай ауданы Бесқарағай ауданымен ақылдасып алғандай көрінеді. Себебі әкімдіктің парақшасы әкімдіктің емес білім бөлімінің парақшасына айналып кеткендей. Келесі айда аталған мәселелерді назарға алады деп сенеміз.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Абай ауданы әкіміне ұсыныс: әкімдіктің ресми парақшасын жүргізу бойынша SMM мамандарды арнайы оқыту курстарынан өткізу ұсынылады.

9. Смаилов Асхат Сайдахметұлы – Ақсуат ауданының әкімі.

Ақсуат ауданының әкімі Смаилов Асхат Сайдахметұлы 623,3 баллмен тоғызыншы орынға тұрақтады. Ол өзінің Instagram, Facebook желісіндегі ресми парақшасына қаңтар айында барлығы 9 жазба жариялаған. Оның ішінде біреуі көңіл айту жедел хаты. Асхат Сайдахметұлын аймақ тұрғындары өте іскер әкім ретінде таниды. Алайда SMM мамандары іскер әкімнің істерін әлеуметтік желіде көрсете алмай жатқан сияқты. Сол себепті желі қолданушылары іскер әкімнің  жұмысын желіде көргісі келеді. Келесі айларда ескереді деп сенеміз.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Ақсуат ауданы әкіміне ұсыныс: желіде жарияланатын жазбалардың сапасын арттыру мақсатында SMM мамандарды арнайы медиа және мобилография курстарынан өткізу ұсынылады.

10. Чугунков Олег Васильевич – Курчатов қаласының әкімі.

Курчатов қаласының әкімі Чугунков Олег Васильевич 492,3 баллмен әдеттегідей көш соңына жайғасты. БАҚ беттерінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерген әкімнің жұмысын желі қолданушылары медиа кеңістікте көргісі келеді. Алайда әкімнің SMM мамандарының уақыты жоқ сияқты. Қаңтар айында Instagram желісінде 8, Facebook желісінде 3 жазба қалдырған. Бұл әкімдер арасында әлеуметтік желіні белсенді қолданатын көшбасшылар қатарында болуға жеткіліксіз. Әйтседе, қалалық әкімдіктің парақшасы белсендірек. Бірақ, оларға әлеуметтік желі алгоритмін білу аса маңызды. Олай болмаған жағдайда аутсайдерлер қатарынан шығу қиынға соғуы мүмкін.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Курчатов қаласының әкіміне ұсыныс: желіде жарияланатын жазбалардың сапасын арттыру мақсатында SMM мамандарды арнайы медиа және мобилография курстарынан өткізу ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив