Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Семейдегі жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында Медиаорталық салынып жатыр

Кеше, 13:10

Семей қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында «Абайға құрмет» акциясы аясында Алматы қаласының тартуы Медиаорталық құрылысы жалғасуда.

Төрт қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 4800 шаршы метр. Мұнда бейнежазба және аудиостудиялар, бейне және аудио монтаждау бөлмелері, конференц-зал, кинозал, коворкинг аймақтары орналасатын болады. Сонымен қатар демалыс орындары мен кафе, медиа-кітапхана және басқа да қажетті инфрақұрылым қарастырылған. Бұдан бөлек журналистер аллеясы болады.

Қазіргі таңда құрылыс алаңында ғимараттың жер жұмысы толық аяқталып, екінші қабатының қабырғаларының арматуралық қаңқасын монтаждау жұмысы жүргізілуде.

Ғимараттың құрылыс барысымен танысқан аймақ басшысы нысанның уақтылы әрі сапалы салынуы маңызды екенін атап өтті.

«Медиаорталық – Алматы қаласының «Абайға құрмет» акциясы аясында облысымызға жасап отырған маңызды тартуы. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр екен. Медиаорталықтың құрылысын жобаға сәйкес келер жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Жаңа Медиаорталық облыс орталығындағы бұқаралық ақпарат құралдарының басын қосып, олардың заманауи талаптарға сәйкес жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Абай облысында, жалпы осы төңіректе бұрын-соңды журналистер қауымына арналған мұндай жаңа ғимарат салынған жоқ деуге болады. Осы бастамаға қолдау көрсеткен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға облыс жұртшылығы атынан алғыс айтамыз», – деді Берік Уәли.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив