Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.57 501.54 5.57

«Respublica» партиясының үгіт-насихат науқанының қорытындысы бойынша Абай облыстық сайлауалды штабының жұмысын жабу рәсімі өтті

Бүгін, 18:48

Сайлауалды науқан барысында облыстық мәслихатқа партиялық тізім және бірмандатты сайлау округтері бойынша 7 кандидат, қала және аудандық мәслихаттарға 8 кандидат ұсынылды. Кандидаттар сайлауалды бағдарлама аясында тұрғындармен кездесулер өткізіп, жалпы саны 125 кездесу ұйымдастырылды. Кездесулерде 37 мыңға жуық адам қамтылды.

Науқан барысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып, телеарналарда, ақпараттық сайттарда және әлеуметтік желілерде материалдар жарық көрді.

Іс-шара барысында «Respublica» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш сөз сөйлеп:
«Сайлауалды науқан барлығымыз үшін жауапкершілігі мол кезең болды. Осы уақыт ішінде бір команда болып жұмыс істеп, жоспарланған жұмыстарды жүзеге асырдық. Әр аудан мен қалада тұрғындармен кездесулер өткізіліп, партияның бағдарламасы таныстырылды. Науқанға белсенді қатысып, өз үлесін қосқан кандидаттарға, штаб мүшелеріне және партияластарға алғысымды білдіремін», – деді.

Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Арман Ахметканов өз сөзінде:
«Сайлауалды науқан барысында көптеген тұрғындармен кездесіп, өңірдің өзекті мәселелерімен таныстық. Әр кездесу біз үшін маңызды тәжірибе болды. Халықпен тікелей байланыс орнатып, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдауға мүмкіндік алдық. Осы кезеңде бірге еңбек еткен барлық азаматтарға алғыс айтамын», – деп атап өтті.

Кездесу ерекше атмосферада, көтеріңкі көңіл күй мен жылы лебіздер аясында аяқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив