Абай облысының 4 оқушысы халықаралық конкурста жүлделі орынға ие болды
Математика және механика бойынша ХІІІ Халықаралық ғылыми жобалар конкурсына еліміздің әр өңірінен және Тәжікстан, Қырғызстан Республикасынан 150 оқушы қатысып, 112 ғылыми жоба ұсынды. 3 күнге созылған білім сайысында 86 жүлдегер анықталды.
Конкурс қатысушылары «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика», «Экономикадағы математикалық әдістер» бағыттары бойынша ғылыми жобаларын қорғады. Қорытынды кезең жеңімпаздары алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды.
Абай облысынан 6 оқушы қатысып, оның ішінде 4 оқушы жүлделі орынға ие болды: Токенов Нурадиль, Семей қаласы, № 3 ЖОББМ – 2 орын, «Қолтанбалы математика» секциясы; Нұрғалиев Арыстан, ФМБ НЗМ – 2 орын, «Қолтанбалы математика» секциясы; Курбанова Ильнара, Семей қаласы, № 35 ЖОББМ – 2 орын, «Математика» секциясы; Жайдахметова Әсем, Аягөз ауданы, «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» – 3 орын, «Механика» секциясы; Байбосынова Мөлдір, Аягөз ауданы, № 5 ЖОББМ – Грамота, «Математика» секциясы; Сәтбекова Ақерке, Семей қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» - сертификат, «Экономикадағы математикалық әдістер» секциясы.
Айта кету керек, халықаралық конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының YouTube арнасында тікелей көрсетілді. Шара Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің базасында өтті.