Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
508.05 534.82 5.06

Казақстан 14 қазанда Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтуде

14-10-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Жыл сайын 14 қазанда әлемдік қауымдастық «Жақсы әлемге ортақ көзқарас. Тұрақты даму мақсаттарын қолдау үшін стандарттар» ұранымен Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтеді. 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 15 жылдық батыл жоспар жасап, адамдардың өмірін жақсартуға, экологияны қорғауға және тұрақты ынтымақтастық үшін серіктестікті нығайтуға бағытталған 17 тұрақты даму мақсатын айқындады. Бұл жоспарды 170-тен астам ел қолдады, оның ішінде Қазақстан да бар.

Тұрақты даму мақсаттары Қазақстанның негізгі ұлттық басымдықтарына сәйкес келеді, мысалы, азаматтардың әл-ауқаты, қуатты экономика, таза су және жауапты тұтыну мен өндіру.

Бүгінгі таңда Қазақстан осы мақсаттарға қол жеткізу бойынша ұлттық стандарттау жүйесі аясында белсенді жұмыс жүргізуде. Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үшін 27 060 ISO халықаралық стандарты қолданылып, оның 3 375-і СТ РК және ГОСТ стандарттарына бейімделген. Бейімдеу процесі жалғасуда.

Жұмыстың негізгі бағыттарына мыналар кіреді:

- стандарттауға арналған цифрлық платформаны дамыту;

- сарапшылардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру және олардың стандарттау процесіндегі рөлін нығайту;

- ғылыми институттарды осы саладағы жұмысқа белсенді түрде тарту;

- халықаралық және шетелдік стандарттау тәжірибелерін енгізу.

Қазақстан халықаралық аренада белсенді позиция ұстанып, ISO-ның 158 техникалық комитетіне қатысып, Халықаралық электротехникалық комиссияның (IEC) 4 техникалық комитетінің толық құқылы мүшесі болып табылады және 14 халықаралық техникалық комитеттің хатшылығын жүргізуде. Жыл сайын стандарттардың экспорттық әлеуетті дамыту және өмір сапасын арттырудағы маңыздылығын түсіну күшейіп келеді.

Елдегі стандарттарды қолданудың тиімділігін бағалау үшін «стандарттардың қолданылу деңгейі» өлшенеді, ол қазіргі уақытта 64%-ға жетті. Бұл экология, денсаулық сақтау, құрылыс және IT сияқты салаларды қамтиды. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнеске арналған міндетті стандарттардың тізілімі жасалды.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі стандарттауды халықаралық саудаға ықпал ететін қуатты фактор, заманауи технологияларды енгізу және өмір сүру сапасының жоғары деңгейіне кепілдік ретінде одан әрі дамыту үшін үлкен жауапкершілік арқалайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив