Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Абай облысында тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру мәселесі қаралды

Бүгін, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспардың орындалуы қаралды. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риаханов баяндады.

2025 жылға арналған тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 348,7 мың шаршы метрді құрайды. Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында барлығы 1146 пәтер сатып алу жоспарланған.

Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 18 көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда. Биыл 4 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Қарағайлы ықшам ауданында бой көтеретін 29 несиелік тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалған. Семей қаласы әкімдігі инженерлік желілерін тарту бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде.

Аймақ басшысы салаға жауапты орынбасары Серік Төленбергенов пен Құрылыс басқармасының басшысына аудан және қала әкімдерімен бірлесіп, құрылыс жұмыстарының кестеге сай орындалуын күнделікті бақылап отыруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив