Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

178,9 мыңнан астам адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты

15-03-2023, 11:20 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылғы 13 наурыздағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 178,9 мың адам қатысты. 131,4 мың адам жұмысқа орналасты, оның 38,6 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.   

Субсидияланатын жұмыс орындарына 92,8 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 10,8 мың адам, жастар практикасымен 4,8 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 69,6 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 1,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 44 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 6 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 7,9 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 6,9 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 47,3 мың адамды қамтыды, оның ішінде 36,1 мың адам сертификат алды.

Сонымен қатар, қызмет саласын таңдау мақсатында 29,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив