Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Сенатта сот жүйесін реформалау туралы заң жобасы қаралды

15-03-2023, 12:59 Думан Кенжеғазыұлы

Сенатор Андрей Лукиннің төрағалығымен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.

Заң жобасының мақсаты – іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және сот жүйесін реформалау, оның ішінде ювеналды соттардың қызмет ауқымын кеңейту, апелляциялық сатының рөлін күшейту, өкілдердің іс жүргізу мәртебесін жетілдіру және әкімшілік органдар басшыларының жауапкершілігін күшейту туралы болып отыр.

Жаңа құжат Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында әзірленген болатын.

Заң жобасы соттардың қызметін жетілдіруге мүмкіндік береді және судьялардың шын мәніндегі тәуелсіздігін одан әрі күшейтуді қамтамасыз ететін болады.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Суретті түсірген Б. Серікбай

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив