Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.54 546.47 4.99

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басым міндеті көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғау, оларға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету

10-12-2024, 14:37 018.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасымен бекітілген сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған Қадамдық жоспары аясында Депаратмент көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру жолымен Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс нәтижелері туралы қоғамды тұрақты негізде хабардар етуде.Департаменттің басым міндеті көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғау, оларға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Сәулет және қала құрылысы саласы бір мезгілде адамдардың жайлы өмір сүруі үшін кеңістіктік орта құру міндеттерін шешетін күрделі ғылыми пән болып табылады. Салынған нысандар тек мақсатқа сай ғана емес, сонымен бірге адамға пайда әкелуі керек.

Семей қаласының тұрғыны сәулет-жоспарлау тапсырмасын алуға заңды құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында Департаментке жүгінді.

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру тәртібі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңмен, сондай-ақ Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген.

Өтініш берушінің Жеке меншік құқығындағы жер учаскесі берілді, кейіннен учаскенің нысаналы мақсаты "дүкенге қызмет көрсету үшін" болып өзгертілді, осыған байланысты жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мақсатында Талапкер сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу үшін Семей қаласының сәулет бөліміне жүгінді.

Алайда, өтініш берушіге Восточный кенті ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының болмауына байланысты құрылысқа рұқсат беруден бас тартылды.

Осы мәселені шешу мақсатында өтініш беруші сотқа жүгінді, осы сот процесі шеңберінде Департамент мүдделі тұлға ретінде сөз сөйледі.

Бірінші сатыдағы сот, сондай-ақ апелляциялық шағым бойынша сәулет және қала құрылысы бөлімі негізсіз бас тартуды қабылдағанын анықтады, өйткені бас тарту үшін осы негіздеме жаңа немесе бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемасына өзгерістер енгізу нәтижесінде туындаған өтініш берушінің жер учаскесін нысаналы мақсаты, оның ішінде реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бойынша құқықтарын одан әрі іске асыру мүмкін болмаған жағдайда қолданылмайды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басым міндеті көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғау, оларға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қолжетімділік пен ашықтық қағидаттар негізінде көрсетілуі тиіс екендігін атап өту қажет («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 3-бабы).

Құрметті қызмет алушылар!

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Сіздердің заңды құқықтарыңыз бен мүдделеріңіз бұзылған жағдайда, Сіздер Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаментіне келесі номірлер арқылы жүгіне аласыздар:
8 700 166 67 80 WhatsApp
8 (7222) 35-41-68
Telegram Bot EgovKzBot2.0
 
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Х. Дәулетқалиев

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив