Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Бесқарағай ауданы Бөдене ауылында тұрғындарды толғандырған мәселелер талқыланды

Бүгін, 14:37

Бүгін Бөдене ауылында тұрғындармен кездесу өтіп, елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысуға, халықты толғандырған өзекті мәселелерді талқылауға және бұған дейін көтерілген ұсыныстардың орындалу барысын саралауға мүмкіндік туды.

Кездесу барысында алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарына қысқаша тоқталдым. Сонымен қатар аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен жүзеге асырылған жобалар туралы баяндап, қолға алынған бастамалар жөнінде есеп бердім.

Жиынның негізгі бөлігі ауыл тұрғындарымен ашық диалог форматында өтті. Кездесуде халық өздерін алаңдатқан мәселелерді ортаға салып, оларды шешуге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, Семей – Курчатов тасжолында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол белгілерін орнату, су құбыры желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ветеринариялық анықтамалар алу мәселелері көтерілді.

Аталған мәселелердің әрқайсысы назарға алынып, оларды шешу жолдары талқыланды. Мұндай кездесулердің басты мақсаты – тұрғындардың талап-тілегін тыңдап қана қоймай, көтерілген мәселелердің шешімін табу бағытында нақты жұмыстар жүргізу. Себебі елді мекеннің дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын арттыруда тұрғындармен тұрақты байланыс орнатудың маңызы зор.

Кездесу барысында өткен жылы айтылған өтініштердің орындалу барысына да ерекше назар аударылды. Бұған дейін ауыл тұрғындары елді мекенге кіреберіс жолды жөндеу қажеттігін көтерген болатын. Бүгінде осы мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, 800 метр жолға қиыршық тас төсеу және грейдерлеу жұмыстары атқарылды.

Бұл – тұрғындармен орнатылған кері байланыстың және халық тарапынан көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге бағытталған жұмыстардың бір көрінісі. Бұрын айтылған ұсыныстардың орындалу барысын бақылау және олардың нәтижесі туралы тұрғындарға ақпарат беру де маңызды міндеттердің бірі.

Жалпы, Бөдене ауылындағы кездесу елді мекеннің өзекті мәселелерін талқылап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға және бұған дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесін саралауға бағытталды. Алдағы уақытта да халықпен ашық диалогты жалғастырып, көтерілген мәселелерді назарда ұстап, оларды шешу жолында жүйелі жұмыс жүргізу маңызды.

Тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың өтініштеріне құлақ асу – елді мекендердің дамуына және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға негіз болатын маңызды бағыттардың бірі.


 


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив