Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
526.81 542.72 5.16

Аға әділет кеңесшісі Марат Әбішев Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Тағайындалғанға дейін ол Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы лауазымын атқарған.

Марат Әбішевтің орталық аппараттың бейінді бөлімшесіне басшылық жасауды және прокуратура органдарының қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы қызметін үйлестіруді қоса алғанда, айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар. Ол ел Президенті қойған міндеттердің орындалуына, соның ішінде ірі инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге, пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтаруға, азаматтардың еңбек құқықтары мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға жетекшілік етті.

М.Б. Әбішев 1979 жылы 5 қыркүйекте Қарағандыда дүниеге келген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Кейін Бас прокуратурада прокурор, содан кейін Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау департаментінің басқарма прокуроры қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Зырян аудандық сотының судьясы болып жұмыс істеген. Әр жылдары Бас прокуратураның Соттарда мемлекет мүддесін қорғау департаментінің аға прокуроры, бөлім басшысы, департамент басшысының орынбасары, Қостанай облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары, сондай-ақ Бас Прокурор Аппараты басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

Прокуратура органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 22 жылдан асады. Кәсіби жетістіктері үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив