Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
526.81 542.72 5.16

Қазақстандықтарға мобильді аударымдар туралы не білу қажет?

Бүгін, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғандығын хабарлайды.

Өлшемшарты бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысының ішінде жүз және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып табылады (ҚР Қаржы министрінің 29.03.2022 жылғы № 323 бұйрығына сәйкес).

2025 жылдан бастап Банктерден ақпарат ұсынылады жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша2024 жылдың қорытындысы бойынша.

Аталған шара  жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабылдайды.

Бұдан басқа, қолданыстағы өлшемшарттан жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар тұлғаларды алып тастау бойынша  өзгерістер  енгізіліп жатыр.

Сондай-ақ,  өлшемшартты «бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысының ішінде жүз және одан да көп әртүрлі тұлғалардан банк шотына жалпы сомасы 3 ЕТЖ-ден асатын ақша қаражатын алуы»  деп  қабылдау ұсынылады  (01.01.2024 жылғы жағдай бойынша 255 мың теңге).

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив