Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

АҚШ пен Қазақстан заң үстемдігін ілгерілету туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады

26-01-2023, 12:35 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 24 қаңтарда Вашингтонда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Е.Қазыхан мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары У.Зеяның төрағалығымен Қазақстан мен АҚШ арасындағы адам құқықтары және демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі Диалог отырысы өтті.

Отырыс аясында тараптар заң үстемдігін ілгерілету мақсатында бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі А.Ахметова Қазақстан тарапынан «Қаңтар наразылығынан кейін адам құқықтары мен еңбек құқықтарын ілгерілету» сессиясының тең төрағасы ретінде кездесуге қатысушыларды елдегі конституциялық реформалар, саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету және аралас сайлау жүйесіне көшу туралы хабардар етті, сондай-ақ әйелдердің еңбек құқықтары мен экономикалық мүмкіндіктері мәселелері бойынша сөз сөйледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив