Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.17 550.06 4.93

ҚР Әділет вице-министрі Вашингтонда халықаралық үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

23-01-2023, 12:37 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 23 қаңтарда Вашингтонға жұмыс сапары аясында Әділет вице-министрі А.Ахметова Freedom now, Amnesty International, Solidarity Center, International Republican Institute, World Justice Project, National Democratic Institute сияқты халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуге қатысты.

А. Ахметова қатысушыларды елдегі адам құқықтары саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етті.

Кездесу аясында Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, саяси партияларды тіркеу, сөз бостандығы мәселелері және т.б. мәселелер талқыланды. Тараптар Омбудсменнің Қазақстандағы рөлінің күшейуіне және «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңдардың қабылдануына назар аударды.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 24 қаңтарда АҚШ Ұлттық зияткерлік меншікті үйлестіру орталығында (IPR Center) Әділет вице-министрі А.Е. Ахметованың IPR Center Зияткерлік меншік және коммерциялық алаяқтық бөлімінің басшысы Майкл Боллмен екіжақты кездесуі өтті.

Әділет вице-министрі А.Е. Ахметова Әділет министрлігінің, аумақтық әділет органдарының, ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК сараптама ұйымының қызметімен және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

Кездесу барысында мемлекеттік органдар және ұйымдардың контрафактілік өнімді пайдалану және тарату бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, оларға қарсы іс-қимыл және жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Әділет министрлігі және IPR Center арасында одан әрі ынтымақтастық, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесулер сындарлы және іскерлік атмосферада өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив