Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
523.2 594.3 6.38

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дихандарға 400 мың тоннадан астам жеңілдікті дизель отыны дайындалды

12-02-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев көктемгі егіс жұмыстарына дайындық шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету шаралары бойынша баяндама жасады.

Министрдің мәлімдеуінше, 30 қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 2025 жылдың 1 ақпаны мен 30 маусымы аралығына «2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына 401 мың тонна дизель отынын беру графигін» бекітті.

Бұған дейін 2 жыл бойы өңірлерге жеткізіле отырып бағаны литріне 228 теңге деңгейінде ұстап тұрды. Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін (қосылған құн салығымен) түпкілікті баға литріне 250 теңгені, дизель отынын жеткізу бойынша операторлардың маржасы литріне 22 теңгені құрады, бұл пайдалану шығындары төмен автожанармай құю стансасының маржасынан едәуір жоғары.

Министр 2025 жылдың 30 қаңтарында АИ-92 және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу күші жойылғанын айтты.

Дизель отынының Энергетика министрлігі ұсынған қазіргі бағасы өңірлердегі межелі стансаға дейін литріне 232 теңгені құрайды. Түпкі бағаны аймақтық операторлар белгілейді және литріне 254 теңгені құрауы мүмкін, бұл литріне 45 теңгеге арзан немесе жанармай құю бекеттерінің бөлшек сауда бағасынан 15%-ға төмен. Жанар-жағармаймай құю стансасының бағасы көтерілген сайын баға пропорционалды түрде көтеріледі. Жанар-жағармай құю стансасы бағасының 15% жеңілдігі өзгеріссіз қалады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін:

- жеке ПИН-кодтар алынды;

- дизель отынын сары, көк және қызыл түстерге бояу;

- электронды шот-фактура жүйесін пайдалана отырып, дизель отыны үшін бөлек виртуалды қойма құру жөнінде шаралар қабылданды.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, мұнай өңдеу зауыты тиеп-жөнелтуді облыстардың әкімдіктері айқындайтын оператор компаниялардың өтініштеріне, теміржол вагондарына ақы төлеуге және беруге қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Энергетика министрлігінің басшысы оператор-компаниялар тарапынан іріктеуді тездету қажет екенін айтты. Уақтылы іріктемеу өңірлердегі мұнай өңдеу зауыттары резервуарлары мен мұнай базаларының толып кетуіне әкеп соқтырады. Бүгінде барлық 18 өңірде операторлар анықталмаған. Жұмысты жеделдету қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив