Кәсіпкерлер тәжірибе алмасуда
Абай облысының бір топ кәсіпкерлері Татарстанда жүр. 3 күндік сапар аясында жерлестеріміз алдыңғы қатарлы ет және сүт өндірумен айналысатын кәсіпорындар мен шаруашылықтардың жұмыс барысымен танысып, тәжірибе алмасады.
Татарстан Ресей нарығын ет пен сүтпен қамтамасыз етуде алдыңғы қатарға шығып отырған өңір. Өнім сапасын жақсарту мен ауылшаруашылығын цифрландыруда жаңалықтары көп.
Абай облысының делегациясы Татарстан Раисы Рустам Миннихановтың қатысуымен өткен ауқымды көрмені де тамашалады. Көрмеде Татарстанның 2024 жылы ауылшаруашылығында жеткен жетістіктері көрсетіліп, 2025 жылғы жоспарлары талқыланды. Делегация құрамында барған арасында ет, сүт өңдеу зауыттарын, сүт-тауарлы фермасын ашуға, балық шаруашылығын өркендетуге ниетті кәсіпкерлеріміз бар.