Семейде көпбалалы ана ел болашағы үшін таңдау жасады
Бүгін Семей қаласындағы №19 сайлау учаскесінде көпбалалы ана Ляззат Сейтмұхамбетова дауыс берді. Ол сайлау учаскесіне келіп, мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Жалпы, қаладағы сайлау учаскелерінде тұрғындардың белсенділігі байқалып, дауыс беру науқаны жалғасуда.
Ляззат Сейтмұхамбетова сайлаудың ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Әсіресе, көпбалалы ана ретінде өскелең ұрпақтың келешегіне бейжай қарамайтынын, әр азаматтың ел өміріндегі маңызды шешімдерге қатысуы қажет екенін жеткізді.
Оның айтуынша, бүгінгі таңдау – ертеңгі ұрпақтың болашағымен де тығыз байланысты. Сондықтан сайлауға қатысуды азаматтық жауапкершіліктің бір бөлігі деп санайды. Ол елдің дамуы мен тұрақтылығы, балалардың жарқын болашағы әрбір азамат үшін маңызды екенін де атап өтті.
Көпбалалы ана өз дауысын беру арқылы ел өміріндегі маңызды науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді.