Семей қаласының құрметті азаматы Зейнолла Тоқаев сайлауда өз таңдауын жасады
Бүгін елімізде өтіп жатқан кезектен тыс сайлауға Семей қаласының зиялы қауым өкілдері де қатысуда. Солардың бірі – көрнекті қазақстандық ғалым, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Семей қаласының құрметті азаматы Зейнолла Қалымбекұлы Тоқаев.
Ғалым сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді. Дауыс беру рәсімінен кейін ол тілшілерге пікір білдіріп, мұндай саяси науқандардың ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Сондай-ақ әр азаматтың сайлау процесіне қатысып, өз таңдауын жасауы маңызды екенін жеткізді. Зейнолла Қалымбекұлы еліміздің өркендеп, дамуы мен халықтың әл-ауқаты артуын тілейтінін де айтты.
Тағыда оқыңыз
Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылдыҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жарияландыҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияландыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі