Семейде жас сайлаушы алғаш рет дауыс берді
Бүгін елімізде өтіп жатқан кезектен тыс сайлауда жастардың да белсенділігі байқалады. Жақында ғана 18 жасқа толған Аяжан Төлеуханова да сайлау учаскесіне келіп, алғаш рет өз таңдауын жасады.
Жас сайлаушы бұл саяси науқанның еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдау үдерісіне әр азаматтың қатысуы – ортақ жауапкершілік. Сондықтан барша тұрғынды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Аяжан үшін бұл күннің орны ерекше. Себебі ол алғаш рет дауыс беру арқылы өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысты. Жас сайлаушының бұл қадамы жастардың қоғамдық-саяси өмірге араласуға деген қызығушылығын көрсетеді.
Тағыда оқыңыз
Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылдыҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияландыСемей қаласында кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдары қайда орналыстырылады?Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жарияландыСайлау қорытындысы: Семей қалалық мәслихатына кімдер өтті?