Аягөз ауданында сайлау учаскелері жұмысын бастады
Бүгін Аягөз ауданында мәслихат депутаттарын сайлау науқаны басталды. Таңғы сағат 07:00-ден бастап аудан аумағындағы сайлау учаскелері өз жұмысын бастап, тұрғындарды дауыс беруге қабылдауда.
Жалпы аудан бойынша 46 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 40-ы – ашық, 6-уы – жабық сайлау учаскесі. Сайлаушылардың жалпы саны 39 071 адамды құрайды.
Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерісі белгіленген тәртіппен жүргізілуде. Аудан тұрғындары мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Тағыда оқыңыз
Сайлау қорытындысы: Семей қалалық мәслихатына кімдер өтті?Сайлау қорытындысы: Абай облыстық мәслихатына кімдер өтті?Сайлау қорытындысы: Үржар аудандық мәслихатына кімдер өтті?Сайлау қорытындысы: Бородулиха аудандық мәслихатына кімдер өтті?Сайлау қорытындысы: Көкпекті аудандық мәслихатына кімдер өтті?

