Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.67 592.46 6.32

ЕАЭО-да техрегламенттердің талаптарын өзектендіру жүргізілуде

9-04-2025, 13:10 018.kz

Биылғы жылдың қаңтар айында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесі ЕАЭО-ның қолданыстағы техникалық регламенттерінің және оларға стандарттар тізбесінің ғылыми-техникалық деңгейін бағалауға бағытталған іс-шаралар жоспарын бекітті.

Аталған жоспарға сәйкес алдағы бес жылда 29 техрегламент талдаудан өтеді. Қажет болған жағдайда тізім кеңейтілуі мүмкін.

Талдау барысында ескірген немесе артық талаптарды жою және оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жоспарлануда. Бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері мен тұтынушылары үшін бірыңғай, түсінікті және заманауи талаптарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бірінші кезекте бағалауға 10 жылдан астам уақыт бұрын қабылданған, сондай-ақ 5 жылдан астам уақыт бойы өзгертілмеген техникалық регламенттер жатады. Бұдан басқа, ЕАЭО елдерінен өтініштердің едәуір саны келіп түсетін регламенттер қамтылған.

Жұмысты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары бейінді ғылыми ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерін, сондай-ақ ЕЭК-тің тиісті департаменттерінің сарапшыларын тарта отырып жүргізеді.

Мысалы, Қазақстан Республикасына 8 техрегламент бекітілген, олардың ішінде – лифт қауіпсіздігі, отынға қойылатын талаптар және тағам қауіпсіздігі бар. Беларусь Республикасы ауыл шаруашылығы техникасының қауіпсіздігі мен тамақ өнімдерін таңбалауды қоса алғанда 5 техрегламентпен айналысады. Ресей Федерациясы пиротехникалық өнімдердің, көлік дөңгелектері, балалар тауарлары мен сүт өнімдерінің қауіпсіздігін қоса алғанда 16 техрегламентті талдайды.

Мұндай жұмыс ЕАЭО техрегламенттерінің өзектілігін, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін, сынақ әдістерімен қамтамасыз етілу дәрежесін және олардың экономика салалары үшін маңыздылығын қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив