Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.67 592.46 6.32

Астанада Қазақстан-Нидерланд ауыл шаруашылығы жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті

9-04-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов және Нидерландтың Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғат қорғау министрлігінің Бас хатшысы Ян Кейс Худ қатысты.

Тараптар аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.

«Біздің ортақ мақсатымыз — климаттың өзгеруіне байланысты туындайтын қиындықтарға бейімделе отырып, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібінің тұрақты дамуына қолдау көрсету. Жұмыс тобы агроөнеркәсіптік сектордағы сауда-экономикалық серіктестікті нығайтуда маңызды рөл атқарады деп сенемін», — деді Азат Сұлтанов.

Отырыс барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды: тұқым шаруашылығы мен селекция, аграрлық ғылым және ғылыми жетістіктерді нарыққа шығару, ветеринария, жануарлар денсаулығы, аквакультура мен балық шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау, соның ішінде шегірткеге қарсы күрес және пестицидтерді қолдану.

Қатысушылар ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың және ғылыми-техникалық алмасуды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белсенді өзара әрекеттестікті жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Ян Кейс Худ ғылыми институттардың инспекция және сертификаттау бойынша семинар-тренинг өткізуге дайын екендігі, сондай-ақ Қазақстанның тұқым шаруашылығы үшін Жол картасын жасау бойынша жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.

Жұмыс бағдарламасы аясында Нидерланд делегациясы ҰАҒББО мен ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми институттардың жұмысымен танысады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив