Қазақстан Иранмен ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын ұлғайтуға дайын
лов өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі көлік-логистика саласы екенін атап өтті. Бұл тұрғыда «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі ерекше маңызға ие.
«Осы маршруттың өткізу қабілетін ұлғайту бойынша бірлескен шаралар қабылдау, атап айтқанда, “Тар жерлерді” жою жөніндегі жол картасын бекітіп, оны іске асыру жақын болашақта жүк тасымалдау көлемін едәуір ұлғайтуға жол ашар еді», — деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, Жол картасын іске асыру 2025 жылға қарай дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.
Өз кезегінде Сейед Джавад Садати Нежад Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысы табысты өткенін айтты, оның қорытындысы бойынша тараптар көптеген өзара тиімді келісімге келді.
Сонымен қатар Иранның ауыл шаруашылығы министрі сауда және жүк тасымалдау көлемін ұлғайту үшін теміржол желісі мен теңіз инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңызы зор екенін атап өтті, сондай-ақ Иран Қазақстан нарығына цитрус өнімдерін жеткізу көлемін кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.
Кездесуге Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, өзге де ведомстволардың басшылары, сондай-ақ Иранның дипломатиялық топтары мен Парламент өкілдері қатысты.