Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
517.16 588.48 6.23

Өңірді жылу, электр және сумен жабдықтау жобалары таныстырылды

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Абай облысына жұмыс сапары барысында өңірді жылу, электр және сумен жабдықтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Саладағы ахуал туралы облыстық Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Жандос Қайырханов баяндады.

Облыста 11 жылу кәсіпорны, 45 жылу көзі және 330 автономды жылу қазандығы жұмыс істейді. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 408 шақырым. Оның 59 пайызы тозған. Өткен жылы өңірде 28 жобаны іске асыру басталған. Оның төртеуі биылғы жылға өткен. Осыны қоса алғанда аймақта 6 жоба жүзеге асырылуда. Бұған республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қосымша қаржы қажет. Осы жобалар аяқталса облыстағы жылу желілерінің тозуы 59,4 пайыздан 56,6 пайызға төмендейді деп күтілуде. Семейдегі жылу қазандықтарының қуатын арттыру үшін 11 жоба әзірленген.

Өңірде 10 электр станциясы бар. Олардың жалпы қуаты – 885 МВт. Аймақтағы электр желілерінің 84 пайызы тозған. Биыл 78 шақырымнан астам желі мен 48 қосалқы станцияны жаңғырту көзделген. Бұған қосымша 49 млрд теңгеге үш ірі жоба әзірленіп жатыр. Соның бірі - Алакөл жағалауындағы жүктемені азайту үшін жаңа электр желілерін салу жобасы.

Облысты сумен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінде тұр. Өңір тұрғындарын 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін биыл 26 жобаны іске асыру жоспарланған.

Премьер-Министрдің орынбасары өңірді жылу, электр және сумен жабдықтаудың маңызына тоқталып, жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларды мерзімінде аяқтау қажеттігін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив