Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
444.88 513.26 5.28

Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

Бүгін, 12:00 018.kz

Маңғыстау облысының «Оймаша» полигонында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен Құрлық әскерлері әскери қызметшілерінің қатысуымен көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды.

Оқу-жаттығудың алғашқы кезеңінде роталық-тактикалық топтар белгіленген аудандарға марш жасады. Әскери қызметшілер лек құрамында қозғалысты ұйымдастыру, бөлімшелерді басқару және белгіленген бағыт бойынша тәртіпті сақтау мәселелерін пысықтады.

Марш барысында жеке құрамның іс-қимыл үйлесімділігіне, әскери техниканың дайындығына, қауіпсіздік шараларының сақталуына және жағдайдың өзгеруіне қарай командирлердің жедел әрекет ете білу қабілетіне ерекше назар аударылды.

Межелі аудандарға жеткеннен кейін бөлімшелер оқу-жаттығу жоспарына сәйкес берілген тапсырмаларды әрі қарай орындауға кірісті.

Әскери қызметшілер әскерлерді басқару, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және ахуалдың тез өзгеруіне байланысты шешім қабылдау мәселелерін пысықтайды.

Оқу-жаттығудың мұндай көпсатылы түрі әскери басқару органдарынан бастап тікелей қойылған тапсырмаларды орындайтын бөлімшелерге дейінгі әртүрлі деңгейлерді қамтуға мүмкіндік береді.

Аталған оқу-жаттығу әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, әскери басқару органдарының операцияларды жоспарлап, іске асыру дағдыларын жетілдіруге, әскерлерге берілген тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеруге және әртүрлі жағдайларда бөлімшелердің үйлесімді іс-әрекетін нығайтуға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив