Ең алдымен қырағылық: Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері мұғалімдерге алаяқтардан қорғану негіздері туралы баяндады
Бүгін Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдерінің оқытушылармен кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты - педагогтарды алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың негізгі әдістерімен таныстыру.
Қазіргі таңда қылмыстық схемалардың жетілдіріліп, алаяқтардың өнертапқыштығы артып бара жатқаны ешкімді таң қалдырмайды. Технологияның қарқынды дамуы, өкінішке орай, тек жақсылыққа ғана емес, заңсыз жоспарларды жүзеге асыруға да пайдаланылады. Бұл ретте Қазақстан азаматтарының миллиондаған теңгесін алдап алуды жалғастырып жатқан қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың белсенділігі артып келеді.
Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі уәкілі Ернұр Төкеновтың айтуынша, жүргiзiлген талдау алаңдатарлық заңдылықты көрсетедi: қаржы пирамидаларының қызметiне тартылған қызметкерлердiң ең көп саны бiлiм, денсаулық сақтау, мемлекеттiк органдар мен сауда сияқты салаларда анықталды.
Ол Абай облысында 39 мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінің қызметкерлері қаржы пирамидаларына тартылғанын айтты. Оның 11-і Семей қаласында орналасқан. Спикердің айтуынша, мұндай статистика елеулі алаңдаушылық туғызады және проблеманың таралу ауқымын айқын көрсетеді.
Өзіңізді алаяқтардан қорғауға және қалай қаржылық алаяқтықтың құрбаны болмауға болады? Спикер бірнеше қарапайым, әрі өте маңызды кеңестер берді.
Сонымен қатар, мұғалімдерге инвестициялық жобаларды қаржы пирамидасының белгілеріне тексеру әдістері туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, мамандар @baiqa_piramida telegram ботын пайдалануды ұсынды.
Кездесу барысында мұғалімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Экономикалық тергеу департаментінің өкілдерінен толық жауаптар алды.