Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Елімізде республикалық маңызға ие тасжолдарды жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр

8-05-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес елімізде жол инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Биыл шамамен 7 мың шақырым жол орташа және күрделі жөндеу бойынша жұмыстармен қамтылмақ.

Өткен жылы басталған жөндеу жұмыстары республикалық маңызы бар басты көлік дәліздерінде жалғасып жатыр. Олардың қатарында «Жезқазған – Петропавл», «Қарағанды – Аягөз – Боғас», «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз», «Сарыөзек – Көктал» тасжолдары бар. Биыл жолшылар жаңа учаскелерді жаңартуға кірісті, олардың ішінде «Қарабұтак – Рудный – Қостанай» және «Атырау – Орал» бағыттары да қамтылмақ.

Көлік ағыны жоғары бағыттарға ерекше мән беріліп отыр. Алматы облысында өңірдің маңызды көлік күре жолдарының бірі – Құлжа тасжолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында «Семей – Өскемен» тасжолының 73 шақырымдық бөлігінде жөндеу жалғасады. Бұл учаскеде жол жамылғысы жаңартылып, су өткізгіш құбырлар да жөнделетін болады.

Өткен жылы «Жезқазған – Петропавл» тасжолының 590 шақырымында жөндеу жұмыстары басталып, биыл тағы 119 шақырымда жалғасын табуда.

Сондай-ақ былтыр «Мамлютка – Қостанай» бағытындағы 161 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары басталған болатын. Биыл бұл жұмыстар тағы 74 шақырым жолда жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив