Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.01 582.47 6.26

Мақаншыда Жеңіс саябағы жаңаша сипатта ашылды

Бүгін, 12:00 Сәтжан Қасымжанұлы

Биылғы жылдың айтулы датасы - Жеңіс мерекесінің 80 жылдығы шекара шебінде орналасқан Мақаншы ауданының халқы үшін ерекше оқиғасымен есте қалды.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, аудан орталығындағы 1985 жылдан бері ешқандай жөндеу көрмеген саябақ ауыл азаматтарының ат салысуының арқасында аз уақыт ішінде жаңарып шыға келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаңадан ірге көтергеніне бір жылдан енді ғана асқан аудан үшін бұл шаруаны өскелең ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелейтін ерекше бастама деуге болады. 

— Дегенмен, бұл күрделі жөндеу жұмысын ары қарай тағы да жалғастырамыз. Жерге төселген плита бетіне бедерленген ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан қаһармандарымыздың есімі  енді саябақ төріндегі мемориалдық тақтада жарқырап тұратын болады. Нақты зерттеп, зерделеу нәтижесінде бұрын әртүрлі себептермен енбей қалған қаһармандарымызды куәландырылған деректермен толықтырып, қайтадан жасадық. Соның нәтижесінде бұл мемориалдық тақтада қазір 4800 батырларымыздың есімін көруге болады. Бұл саябақ тек Жеңіс мерекесінің аясында ғана жаңартылып отырған жоқ. Алда «Ұлы дала» деген атаумен қосымша үлкен алаң салынып, аясы кеңейетін болады,- дейді Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин. 

Дәл 9 мамыр күні жарқырап сала берген саябақтың ашылу салтанатына жергілікті жұртшылық, аудан басшылығы, әскери қызметшілер, түрлі сала өкілдері қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив