Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.2 629.64 6.34

Мемлекет басшысы ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Темірхан Медетбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

10-05-2025, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, қоғам қайраткері Темірхан Медетбектің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

– Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған, төл әдебиетіміз бен өнеріміздің жанашыры болған тегеурінді ақын еді. Көне түркі сарынын жаңғыртқан рухты шығармалары оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Қазақ баспасөзінің өркендеуіне елеулі еңбек сіңіріп, нағыз шығармашыл тұлға ретінде өнегелі өмір сүрді. Соңына әдеби бай мұра қалдырған Темірхан Медетбектің жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды, – делінген жеделхатта.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив