Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «СемАЗ» және Daewoo Bus зауыттарында болды
Өңір басшысы машина құрастыру желілерін аралап көрді.
«СемАЗ» ЖШС — Қазақстанда ауыл шаруашылығы және жүк техникасын құрастыратын ірі өндіріс орны болып табылады. Семейдегі «СемАз» қуаттылығында тоғыз модификациядағы «Беларусь» маркалы тракторлар, Shacman және «FOTON» жүк көліктері, сондай-ақ әртүрлі модификациядағы «Урал» өтімділігі жоғары жүк автомобильдері шығарылады. Кәсіпорында озық заманауи жабдықтар қолданылады. Құрастыру желілерінің қуаты жылына 10 000-нан астам техниканы құрайды.
— «СемАз» өндіріс кешенінде істейтін қызметкерлерге барлық жағдайлар жасалған,- дейді кәсіпорынның бас директоры Әсемқан Досқожанов.
Облыс басшысы жалпы ауданы 17 205 шаршы метрді құрайтын Daewoo Bus автоқұрастыру зауытының жұмысымен танысты.
«Бұл машина құрастыру зауыты өңір экономикасының дамуына тың серпін береді», - деп атап өтті аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев.
Daewoo Bus құрастыру өндірісіне корпус элементтерін құрастыру-дәнекерлеу, корпусты құрастыру-дәнекерлеу, бояу камералары, автобусты құрастыру, дайын өнімнің герметикалығын және стандарттарға сәйкестігін тексерудің соңғы желісі кіреді.
Сонымен қатар, зауыт кешенінде компоненттерге арналған қойма, дайын өнім қоймасы, сондай-ақ әкімшілік-тұрмыстық кешен орналасқан.
Тағыда оқыңыз