ХАЛЫҚТЫҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕСІ – ЖЕР ДАУЫ
«AMANAT» партиясының «Жер аманаты» комиссиясы игерілмей жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесімен белсенді айналысып келеді. Мәселен, Абай облысы бойынша өңір төңірегіндегі 250 мың га жерді қайтару жоспарланған.
Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала кіреді. Соның ішінде 14000 га Бесқарағай, 14000 га Бородулиха, 26000 га Абай, 49000 га Ақсуат, 40000 га Аягөз, 35000 га Жарма, 17000 га Көкпекті, 28000 га Үржар аудандарында және 27000 га Семей қаласында қайтару көзделіп отыр.
2023 жылдың қаңтар айының көрсеткіші бойынша аталмыш жердің 65,196 мың га жері мемлекет меншігіне қайтарылған.
Игерілмей қалған жерлерді қайтару мақсатында партия филиалының қарамағындағы «Жер аманаты» комиссиясының отырыстары тұрақты түрде өткізіліп, нысансыз пайдаланып жатқан жер телімдеріне бақылау жүргізуде. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының партиялық бақылау комиссиясының тарапынан тиісті жұмыстар үнемі қадағаланып келеді.
Қазақ халқы үшін жер – асыл қазына. Кең-байтақ жерінде, дархан даласында малын жайып, егінін еге алмай отырған халқымыздың саны көп. Мәселен, тамыз айында «AMANAT» партиясының бастамасымен «Ауыл аманаты» жобасын түсіндіру мақсатында өткен кездесулер барысында Абай облысы Жарма ауданы Қапай батыр ауылының тұрғындары жердің жетіспеулігін басты мәселе ретінде назарға алды. Шет елдерді асып кеткен қандастардың біраз бөлігі осы ауылға қоныс аударған. Негізгі күн көрістері – мал шаруашылығы. Алайда, жердің жетіспеуінен, ауыл маңайында жайылымның жоқтығынан, шабындық жерлерінің болмауы себебінен өсірген малдарың сатып, қаражатына қалған малына жем-шөп алып қана күн көріп отыр. Осындай мәселелер еліміздің әр өңірінде жеткілікті.
«AMANAT» партиясының «Жер аманаты» комиссиясының араласуымен Республика бойынша бүгінде пайдаланылмай жатқан 3 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Тарих беттерінде жазылған жер дауы күні бүгінге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. «AMANAT» партиясы заңсыз алынған, игерілмей қалған жер телімдерін қайтаруды алдағы уақытта да жалғастырады.
Заңсыз және игерілмеген жер телімдері бойынша ақпараттарды «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының әлеуметтік парақшалары (Instagram парақшасы: amanat.abai және Facebook парақшасы: «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы) және +7 7222 36-04-32 телефоны арқылы, WhatsApp +77009876124 нөмірі бойынша қабылданады.
«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі