Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.77 593.19 6.41

ІІМ туристер үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуде

11-06-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Саденов туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Туристік аймақтарда туристік полиция бөліністері жұмыс істейді. Қызметкерлер шет тілдерін меңгерген, танымал орындар мен ұлттық парктерде қызмет атқарады, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, кеңес береді.

Туристік нысандарда бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған.

Жеке тасымалдаумен заңсыз айналысу фактілерінің жолы кесіліп, тұрақты түрде жедел-алдын алу шаралары өткізіледі, транзиттік жүргізушілерге көмек көрсетіледі.

ІІМ Туризм министрлігімен туроператорлар және ТЖМ-мен туристік маршруттардағы қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара жұмыс істейді.

— Қазақстанға келетін шетелдік азаматтардың қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыс жалғасын табады, — деп атап өтті Ержан Саденов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив