Cемей33°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.77 593.19 6.41

«Өңір» депутаттық тобының отырысында өңірді дамытудың драйвері ретінде негізгі капиталға инвестиция салу мәселесі талқыланды

Кеше, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Сенатта «Өңір» депутаттық тобының отырысы болды. Онда негізгі капиталға инвестиция салу және оның өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуға әсері талқыланды. Талқылау барысында Қазақстан өңірлері арасында инвестицияны біркелкі бөлу, экономиканы әртараптандырудың нашарлығы және жекелеген облыстардың шикізат саласына тәуелділігі мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, инфрақұрылымдық шектеулер мен бюрократиялық кедергілер атап өтілді, әсіресе ауылдық және шалғай аудандарға инвестиция тартудың қиындығы туралы айтылды.

Сенатор Бекбол Орынбасаров өз сөзінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі драйвері ретінде негізгі капиталға салынатын инвестицияның маңыздылығын атап өтті. Ол мұндай инвестиция экономикалық өсуге, инфрақұрылымды жаңғыртуға, жұмыс орындарын ашуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететінін алға тартты.

«Ауылдық жерлерде өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру, жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды дамыту күн тәртібінен алынбауы тиіс. Барлық қажетті кешенді шараларды іске асыра отырып, өмірді жақсарту мәселелері негізгі басымдыққа ие болуы керек. Мемлекеттің, бизнес пен қоғамның бірлескен күш-жігерімен ғана Қазақстанның барлық өңірінің біркелкі дамуын қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға болады», - деді Бекбол Орынбасаров.

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Арман Қасенов өз кезегінде еліміздің инвестициялық саясатының қазіргі жағдайы мен келешегі туралы айтып берді. Ол негізгі капиталға салынған инвестиция тұрақты экономикалық өсудің стратегиялық құралы болып қала беретінін жеткізді және 2029 жылға қарай инвестиция көлемін ЖІӨ-нің 23%-на дейін жеткізу мақсатын атап өтті. Министрдің орынбасары 2025 жылдың алғашқы төрт айында инвестиция көлемі 4,4 трлн теңгені құрағанын, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіндегі көрсеткіштерден асып түскенін хабардар етті. Сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларға да тоқталды. «Инвестор жолдары» енгізіледі, процестерді цифрландыру, өңірлік инвестиция штабын құру, әкімдерге жаңа KPI және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін биліктің барлық деңгейінде жауапкершілікті күшейту көзделіп отыр.

Шараға сонымен қатар сыртқы істер, өнеркәсіп және құрылыс, сауда және интеграция, туризм және спорт министрліктерінің, сондай-ақ өңірлер әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив