Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
473.59 544.68 5.94

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін полицейлерге арналған арт-терапия өтті

14-06-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада ҚР ІІМ Астана қаласы Полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлеріне арналған арт-терапия семинары өтті. Іс-шара «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Жиын ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы Кеңсесінің қолдауымен өтті.

Семинар барысында тәртіп сақшылары кәсіби күйзелістің алдын алу жолдарын, психологиялық тұрғыдан өз-өзіне қолдау көрсету әдістерін үйренді. Сонымен қатар, қатысушылар үшін арнайы арт-терапия сеансы ұйымдастырылды.

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» науқаны биыл 20 мамыр мен 20 маусым аралығында еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр.

Басты мақсат — қоғам назарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өзекті мәселесіне аудару, отбасы құндылықтарын, өзара сыйластық пен қолдауды насихаттау, сондай-ақ құқық қорғау органдарының осы саладағы жұмысы жөнінде көпшілікті хабардар ету.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив