Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

Астанада Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

13 маусымда, Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, салалық комитеттер мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде елдің қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты өзекті мәселелер қаралды. ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заң жобасы бойынша баяндама жасап, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен іске асыру тетіктерін жан-жақты талдады. Вице-министр азаматтық қоғамды орнықты дамытуда бұл тәсілдердің маңызды екенін ерекше атап өтті.

Отырыс барысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар, сондай-ақ мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар бастамалар да талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстарды салалық саясатты жетілдіру және азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты тереңдету ісінде пайдаланатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив