Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 400-ден астам тексеру жүргізді

Кеше, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 430 тексеру жүргізді, оның 201-і жоспардан тыс, 99 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 130 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 192 ұйғарым берілді, 28,8 млн теңгеден астам сомаға 341 айыппұл салынды.

Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 17, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 86, мемлекеттік мекемелер – 47, балабақшалар – 16, мектептер – 52, колледждер, лицейлер – 9, ауруханалар, емханалар – 21, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 18, автобус парктері, авто/темір жол вокзалдары, әуежайлар – 33, ДК – 18, дүкендер – 34, сауда үйлері – 5, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 11, полиция пункті – 1, стоматология – 5, кітапхана – 1, мәдениет үйлері – 7, мұрағаттар мен мұражайлар – 2, санаторийлер – 3, пошта қызметі бөлімшесі – 2, спорт мектептері – 10, нотариус – 1, банктер – 6, оңалту орталықтары – 2, өзге де 23 объекті қамтылды.   

Осылайша, ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-не комиссияның қабылдау тәртібін сақтауы және Әлеуметтік қызметтер порталында жеткізушілерді тіркеу және тіркеуден шығару сұрақтары бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша субъектіге ұйғарым шығарылды.

Бұл ретте әлеуметтік инспекторлардың айтуынша барлық өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер бар. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растайды.  

«Мәселен, №3 және №4 қалалық емханалардың аумағында мүгедектерге арналған көліктер тұрағы бар, ал кіреберіс пандустармен жабдықталған. Емхана ғимараттарының кіреберісіне көзі нашар көретіндер үшін мнемосхемалар, ғимараттардың өзінде тактильді жолақтар және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санитарлық-тұрмыстық бөлмелер қарастырылған. «Баянтау» спорт сарайы, «Автомобилист» спорт кешені, «Olimpic» бассейні, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған спорт нысандары», – деп бөлісті Павлодар қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Юлия Петрусева.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив