«Тұмар» - 2025 Ұлттық сыйлығының шорт-листі жарияланды

БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Тұмар» - 2025 Ұлттық телевизиялық сыйлығының он бір номинациясы бойынша номинанттар анықталды.
Биыл байқауға қатысу үшін 11 номинация бойынша жетекші республикалық және өңірлік телеарналардан 300-ден астам өтінім келіп түсті. Шорт-листке 44 жұмыс енді.
Жеңімпаздар есімі 27 маусымда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында анықталатын болады. Жеңімпаздарға отандық телевизия саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы табысталады.
«Тұмар» - 2025 Ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары:
- Ең үздік әлеуметтік тележоба:
«Таза қала» - JIBEK JOLY телеарнасы
«Таза Қазақстан» - 24KZ телеарнасы
«Жақсылық жаса» - QAZAQSTAN TV телеарнасы
«Әке арманы» - АSTANA TV телеарнасы
- Жылдың ең үздік репортажы:
«В гостях у кочевников» - МИР телеарнасы
«Алаяқтар балаларды қыруар қаржыға сан соқтырып жатыр» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
«Театры выживают за счёт талантов» - Хабар телеарнасы
«Абадан» - ЖЕТІСУ телеарнасы
- Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама:
«Жетінші студия» - 7 арна
«Basty taqyryp» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
«Әлем және біз» - QAZAQSTAN TV телеарнасы
«President» - 24KZ телеарнасы
- Ең үздік журналистік зерттеу:
«АЭС және энергетикалық қауіпсіздік» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
«По следам спасительного эшелона: как доставляли продовольствие в блокадный Ленинград из Казахстана?» - МИР телеарнасы
«Мүгедектігі бар жандар жұмысты қайдан табады?» - QYZYLORDA TV телеарнасы
«Тылсым тарих: Аштық қасіреті, Құмаршық қасиеті» - ATYRAÝ TV телеарнасы
- Жылдың ең үздік телехикаясы:
«Күзде келген көктем» - Хабар телеарнасы
«Құтқару қызметі» - 7 арна
«12:00» - 31 арна
«111. JUZ ON BIR» - JIBEK JOLY телеарнасы
- Ең үздік деректі фильм:
«Человек с острова Кулалы» - JIBEK JOLY телеарнасы
«Вандализммен күрес» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
«Закладчики. Расплата» - QYZYLJAR телеарнасы
«Олимпийские свершения: казахстанские герои Парижа» - Хабар телеарнасы
- Ең үздік балалар тележобасы:
«Дара бала» - BALAPAN телеарнасы
«Давай меняться» - ERTIS TV телеарнасы
«Түркістан сақшылары» - TURKISTAN TV телеарнасы
«Дарын» - QOSTANAI TV телеарнасы
- Ең үздік өңірлік арна:
77TV телеарнасы – Жамбыл облысы
Saryarqa телеарнасы –Қарағанды облысы
Caspian News телеарнасы – Атырау облысы
ULYTAU телеарнасы - Ұлытау облысы
- Ең үздік тележурналист:
Ақерке Бектас – QAZAQSTAN TV телеарнасы
Айнұр Иманғали –JIBEK JOLY телеарнасы
Аслан Қаженов –24KZ телеарнасы
Әйгерім Пернебекова –ALMATY TV телеарнасы
- Ең үздік тележүргізуші:
Оксана Петерс – 7 арна
Үмбетәлі Меймеш –ALMATY TV телеарнасы
Мөлдір Доспаева –Хабар телеарнасы
Вероника Вишневская – Еуразия бірінші арнасы
- Ең үздік спорттық комментатор:
Жандос Айтбай –Хабар телеарнасы
Ерік Ерсін –QAZSPORT телеарнасы
Азамат Ашимов – ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
Азамат Нұғыманов - QAZAQSTAN TV телеарнасы
«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – қазақстандық телевизияның сапасын арттыру және дамыту, телевизиялық контент өндіру саласындағы дарынды мамандарды қолдау және үздіктерін марапаттау.