Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.64 609.23 6.62

Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға Үкімет резервінен 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Кеше, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет резервінен Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес қаражат Риддер қаласы мен Қ. Қайсенов кентінің жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтауға бағытталады. Бөлінген қаржының негізгі бөлігін Риддер қаласының жылу желілерінің ең қатты тозған 5,9 км учаскесін күрделі жөндеуге жұмсау жоспарланып отыр.

Ұлан ауданы Қ. Қайсенов кентінде ұзындығы 9 км жылу желілерін реконструкциялаудың екінші кезегін аяқтауға 113 млн теңге бағыттау жоспарланған.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жылу желілері 30 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Осы кезеңде оларға күрделі реконструкция жасалған жоқ. Тозу деңгейі орта есеппен 55%-дан, ал жекелеген елді мекендерде 75%-дан асады. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында ҚР Үкіметінің резервінен екі қазандық агрегатын жөндеуге, №5 редукциялық-салқындату қондырғысының технологиялық үдерістерін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге, сондай-ақ Риддер қаласының ЖЭО-ның ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін электротехникалық жабдықтың бір бөлігін ауыстыруға шамамен 1,7 млрд теңге бөлінді.

Соңғы екі жылда қалада жөндеу жұмыстары төтенше жағдай кезінде, ЖЭО-ны тезірек іске қосу және жылу желілерін жөндеу қажеттілігіне байланысты жүргізілді. Жедел әрекет етудің арқасында екі жыл ішінде тозу 82%-дан 66,8%-ға дейін төмендеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив