Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Ұлттық экономика министрі Мажарстанда қазақстандық студенттермен кездесті

30-01-2023, 09:41 Думан Кенжеғазыұлы

Әлібек Қуантыров Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жас қазақстандықтармен кездесу өткізді. Министр студенттердің сұрақтарына жауап берді және отандық, венгриялық компанияларда өндірістік практикадан өту мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығы туралы сөз қозғалды. ҰЭМ басшысының айтуынша, мұндай тағылымдамалар тәжірибе жинауға және мамандық таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Министрдің сөзінше, еліміз жастарға ерекше көңіл бөлуде. Бүгінгі таңда жас кадрлар елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени-рухани өміріне белсенді қатысуы керек. Әңгіме соңында Ә.Қуантыров студенттерге оқуда табыс тіледі.

Сонымен қатар, министр «Globalia Kft» компаниясының бас атқарушы директоры Габор Шагимен кездесу өткізді.

Тараптар жасыл энергетиканы дамыту бойынша жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, шетелдік компания Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында күн және жел электр станцияларының құрылысын жүзеге асыруда. Бұдан бөлек, кәсіпорын Атырау облысында жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаны іске асыруды пысықтауда.

Министр Қазақстан өз алдына жасыл энергетикаға көшу бойынша өршіл мақсаттар қойып отырғанын атап өтті. Еске салайық, ҚР 2016 жылы Париж келісімін әлемде алғашқылардың бірі болып ратификациялады.

Осы құжатты іске асыру шеңберінде 2030 жылға қарай Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын 15% - ға қысқартуға ниетті. Осы уақыт ішінде жаңартылған энергия көздерінің үлесін қазіргі 4% - дан 15% - ға дейін жеткізу жоспарлануда. Осыған байланысты венгриялық компаниялардың жасыл технологияларды дамыту бойынша ұсыныстары қолдау табады.

Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы ҚР Үкіметі қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға және шетелдік инвестицияларды белсенді тартуға ерекше назар аударатынын айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив