Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.63 583.22 6.42

«Tańba» ғылыми-әдістемелік клубының кезекті отырысында қазақ геральдикасын дамыту жолдары талқыланды

5-07-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ұлттық музейінде «Геральдикалық зерттеулер орталығы» жанынан құрылған «Tańba» ғылыми-әдістемелік клубының кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға министрлік өкілдері, белгілі тарихшылар мен геральдика саласының мамандары, зерттеушілер мен түрлі сала сарапшылары қатысты.

Клуб жұмысының негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді зерттеу, оларды насихаттау және осы бағыттағы ғылыми-тәжірибелік мәселелерді саралау.

Отырыста мемлекеттік рәміздердің елдік сана мен ұлттық бірегейлікті нығайтудағы маңызы, геральдикалық саясаттың ғылыми негізделуі қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, қазақ геральдикасының даму бағыттары мен заманауи талаптарға сай жетілдіру жолдары кеңінен талқыланды.

Қатысушылар мемлекеттік рәміздерді насихаттауда цифрлық медиа құралдарын тиімді пайдалану, оқулықтар мен танымдық материалдарда геральдикалық тақырыпты кеңінен қамту, сондай-ақ ведомстволық наградалар мен өңірлік нышандар жүйесін біріздендіру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, жастар арасында рәміздерге деген құрметті арттырудың жолдары, саланың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру және халықаралық тәжірибені енгізу мәселелері де қозғалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив