Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.63 583.22 6.42

Сенаторлар азық түлік қауіпсіздігі саласындағы бастамаларды дамытуды талқылады

9-07-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Қыдырәлі мен Ғалиасқар Сарыбаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының штаб-пәтерінде болды.

Депутаттар ұйымның Бас директоры Берік Арынмен кездесті және АҚИҰ жұмысының негізгі бағыттарымен танысты. Кездесу барысында Ұйым қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ ұйымның институционалдық дамуын қолдаудағы және оның халықаралық ұстанымдарын нығайтудағы Сенаттың рөлі талқыланды.

Сенаторларға АҚИҰ-ның Қазақстан мен Орталық Азия өңірінде іске асып жатқан бірегей бастамалары таныстырылды. Оның ішінде Астанада Халықаралық Бас банк құру, агроинновациялар мен цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ АҚИҰ 7-ші Бас Ассамблеясын өткізуге дайындық туралы айтылды.

Сенаторлар АҚИҰ-ны заңнамалық деңгейде одан әрі қолдаудың маңыздылығын және Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінде тұрақты азық-түлік жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен қадамдардың қажеттілігін атап өтті.

«АҚИҰ азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Біз Сенат депутаттары ретінде ұйымның күш-жігерін қолдауға және өңірдің және одан тысқары жерлердің тұрақты дамуы үшін әріптестік байланыстарды нығайтуға дайынбыз», - деп атап өтті Дархан Қыдырәлі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив