Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.02 607.55 6.5

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары балалардың қауіпсіздігі үшін терезе блокираторларын орнатуда

9-07-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Жыл басынан бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары еліміздің түкпір-түкпірінде көпқабатты үйлердегі пәтерлерде қорғаныш терезе блокираторларын орнату бойынша кең ауқымды акция өткізуде. Бұл бастама аясында ерекше назарды қажет ететін отбасылардың үйлерінде қазіргі уақытта 2500-ден астам қорғаныш құрылғысы  орнатылды.

ТЖМ құтқарушылары барлық құрылғыларды көпбалалы, әлеуметтік осал отбасылардың, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылардың пәтерлерінде тегін орнатады.

Акцияның басты мақсаты — балалардың терезеден құлауының алдын алу. Өкінішке орай мұндай оқиғалар балаларды тіпті қысқа уақытқа қараусыз қалдырғанда да, терезе ашық болса, орын алып жатады.

  ТЖМ ата-аналарға қарапайым, бірақ өмірлік маңызды ережелерді ескертеді:

  - үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз;

  - терезе маңына жиһаз қоймаңыз — бала үстіне шығып кетуі мүмкін;

  - тек қорғаныш механизмі бар терезелерді пайдаланыңыз;

  - бала терезені аша алмауы үшін терезе тұтқасын бекітіп қойыңыз;

  - баланы терезе алдына шығуға үйретпеңіз;

  - балаларды үлкендердің қарауынсыз балконға шығармаңыз;

  - москит торы құлап кетуден қорғай алмайтынын есте сақтаңыз.

  Балалардың қауіпсіздігі — ересектердің қолында!

  ТЖМ құтқарушылары қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін бар күшін салуда, алайда басты жауапкершілік — ата-аналарға жүктеледі.

  Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 немесе 101 нөмірлеріне дереу қоңырау шалыңыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив