Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстанда ШОБ-ті қолдау бойынша «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды

Бүгін, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында журналистерге нақты секторға қаражат салуға ынталандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

«Біріншіден жаңа салық кодексінің ішінде коперативтің табыс салығына дифференциация жасадық. Енді банктер тұтынушы секторға несиелер берсе, КТС 25% болады. Нақты секторға несие берсе 20%. Бұл нақты секторға қаражат салуға ынталандырады. Екінші мәселе жаңа салық кодексінде барлық облегацияларға 10% салық салынады. Ал «Бәйтерек» холдингі шығаратын облегацияларға 2031 жылға дейін салықтан босаттық. Себебі «Бәйтерек» холдингінің басты мақсаты – нақты секторға салынады. Қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске арналған «Өрлеу» деген жаңа бағдарлама ашылды. оны дамытуға нақты секторларға, өндіріс секторларына «Даму» қоры 300 млрд салды. Банктер 450 млрд салды. Ставкасының деңгей - 12,6 пайыз. сонымен қатар екі кепілдік қорлары ашылды. Барлығы қазіргі уақытта Даму қорында орналасқан. Бүгінде 107,5 млрд теңгені құрайтын 784 жоба қолдау тапты. Оның ішінде 60 млрд теңгеге кепілдік берілді. Аталған бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», - деді вице-премьер Серік Жұманғарин.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив