Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

18 шілде – Қарулы күштердің әскери рәміздері күні

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

1996 жылғы он сегізінші шілдеде ҚР Президентінің "Қарулы Күштердің әскери рәміздері туралы" Жарлығына қол қойылды.

Әскери рәміздер жауынгерлердің ұлттық сипатының ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, Отан қорғаушылардың моральдық-жауынгерлік рухын арттырудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді.

Қазақстанның әскери рәміздеріне Қарулы күштердің символы (эмблемасы), жалауы, Туы, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің тулары және әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары жатады.

Қазақстан Қарулы күштерінің рәміздері мемлекеттілікті, озық дәстүрлердің сабақтастығын, жауынгерлік серіктестік, патриотизм және адал қызмет сияқты құндылықтарға негізделетінін көрсетеді.

Қарулы күштердің символы – жиектері алтын жолақпен көмкерілген бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың ортасында күн сәулесі және оның астында қалықтаған бүркіт бейнеленген.

Қазақстан Қарулы күштері түрлерінің тулары олардың сол әскерге қатыстылығын көрсетеді және әскери ұжымның бірлігі, өр рухы мен бірлігі идеяларын бейнелейді.

Жауынгерлік ту – әскери бөлімнің жәдігері, оның жауынгерлік жолы мен даңқының символы. Бұл әрбір әскери қызметшіге Отанды қорғаудың ерлік дәстүрлері мен қасиетті парызы екенін еске салады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив