Роман Скляр және Венгриялық 4iG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы ғарыш және ұшқышсыз жүйелер саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Венгриялық 4iG компаниясы делегациясының Қазақстан Республикасына сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен 4iG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, Мажарстанның халықаралық іскерлік байланыстарды дамыту мәселелері жөніндегі Төтенше және өкілетті елшісі Гиллерт Ясайдың жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында ғарыш қызметі мен ұшқышсыз жүйелер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, Мажарстан тарапының ұшыру қызметтерін ұсыну жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысу, Жерді қашықтықтан зондтаудың халықаралық спутниктік тобы шеңберіндегі ынтымақтастық, сондай-ақ ғарыш аппараттары үшін құрастыру-сынау кешендерін құру мен пайдалануда тәжірибе алмасу перспективалары қаралды.
Қазақстандық тарап Мажарстанның ұшқышсыз жүйелер саласындағы құзыреттеріне технологиялық та, өндірістік те тұрғыда қызығушылық танытты.
Тараптар бірлескен әзірлемелердің, пилоттық жобалардың және технологиялармен өзара алмасудың жоғары әлеуетін атап өтіп, екі елдің жеке компаниялары мен мемлекеттік құрылымдары арасындағы практикалық өзара іс-қимылдың маңыздылығына тоқталды.
Кездесуге қатысушылар озық шешімдерді енгізуге және экономиканың жоғары технологиялық салаларын дамытуға бағытталған тұрақты да, ұзақмерзімді әріптестік құруға өзара мүдделі екендіктерін жеткізді.