Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Еңбек министрлігі оңалтудың жеке бағдарламаларын қалыптастыру және түзету кезінде қашықтан куәландыру форматын енгізуді жоспарлап отыр

Бүгін, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына қашықтықтан проактивті тексеру жүргізуге әсер ететін бірқатар түзетулер әзірледі. Басқарма басшысының тиісті бұйрығының жобасы туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Осылайша, қашықтан проактивті тексеру жұлын жарақаты кезінде жұлынның расталған анатомиялық үзілуімен бастапқы тексеру кезінде, сондай-ақ барлық нозологиялық нысандар бойынша оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрі – ОЖБ) қалыптастыру және түзету мақсатында жүзеге асырылатын болады.

Сонда-ақ, сырттай сараптама жүргізу кезінде медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына шағымдану мерзімдеріне және мұндай істерді қарауға медициналық ұйымдардың кеңесшілерін тартуға қатысты бірқатар редакциялық және нақтылау мақсатындағы түзетулер енгізілуде.

Ұсынылып отырған өзгертулер мүгедектікті анықтау рәсімінің қолжетімділігін, ашықтығын және тиімділігін арттыруға, ауыр ауру түрлерімен ауыратын, қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін, сондай-ақ шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін әсіресе маңызды болып табылатын ОЖБ әзірлеу және түзету рәсімдерін жеңілдетеді.

Бұйрық жобасы туралы ақпарат 2025 жылғы 30 шілдеге дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив