Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«Медиа және тұрақты даму: Орталық Азияның болашағы» атты БАҚ өкілдеріне арналған халықаралық журналистика және коммуникациялар жазғы мектебі өтеді

22-07-2025, 10:54 018.kz

2025 жылғы 25-27 шілдеде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы ақпараттық бюросы (Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі)  және Орталық Азия журналистік зерттеулер қауымдастығымен бірлесіп, «Медиа және тұрақты даму: Орталық Азияның болашағы» атты халықаралық журналистика және коммуникациялар жазғы мектебін ұйымдастырады.

Бағдарламада Орталық Азия елдерінің медиа және коммуникациялар саласындағы сарапшылардың қатысуымен мастер-кластар, медиа-практикумдар, панельдік пікірталастар жоспарланған. Туризм және экология бағыттардағы салалық журналистиканы дамыту, жалған ақпаратқа қарсы шаралар, кәсіби стандарттарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.

Мектепке Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан университеттерінің студенттері, магистранттары, PhD-докторанттары және журналистері қатысады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Халықтың медиасауаттылығын және медиа саласы мамандарының біліктілігін арттырудың 2025 жылға арналған жоспары шеңберінде іске асырылады.

Іс-шараның өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорттық-сауықтыру лагері, Ыстықкөл, Бөстері кенті, Қырғызстан.

БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/wkmxRTDVHKzHPkJE6 

Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады +7 7172 740186.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив